1653

Индустриалды Астана: «Funke Kunststoffe» зауыты жылына 7 мың дайын өнім шығаруға қауқарлы

«Funke Kunststoffe» ЖШС-і неміс технологиясымен пластикалық профил шығарумен айналысады. Шағын зауыт 2013 жылы ашылған. Қазақстан нарығында 5 жыл жұмыс жасауда. Профиль шығаруға қажет барлық керек-жарақ Германиядан әкелінген. Яғни, сол жақта жұмыс жасап тұрған зауытты бар технологиясымен Қазақстанға көшіріп әкелген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Зауыттың толық қуаты жылына 7 мың дайын өнім шығаруға қауқарлы. Бірақ, қазіргі кезде зауыт толық қуатында жұмыс жасап тұрған жоқ. Бүгінгі күні зауыт жылына 5 мың тонна дайын өнім шығару қуатымен жұмыс жасауда.

«Зауытты 2013 жылы аштық. Келер жылы ашылғанына 5 жыл толады. Бірақ бұл зауыт үшін, бизнес үшін өте аз мерзім. Дегенмен біз Үкіметтін, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осы уақыттын ішінде мол жетістікке қол жеткіздік. Қазақстан нарығында 5 жыл жұмыс жасаудамыз», дейді бас директер Егор Херляйн.

Профил шығаруда неміс технологиясы толық сақталған. Дайын өнім шығаруға қажет шикізат шетелден жеткізіледі. Оның ішінде шикізаттын 70 пайызы Германиядан, қалған 30%-ы басқа елдерден. Зауыт толық автоматтандырылған. Өнімнің барлық шығарылу барысы көз алдыңызда жүріп жатады.

«Ашылған кезде біз шетелдік мамандарға тәуелді болдық, зауытта солар жұмыс жасады. Бірақ бірте-бірте оларды жергілікті мамандармен алмастырдық. Әрине қазақстан азаматтарын оқыттық, ал зауытта жұмыс жасаған шетелдік амамандар тәжірибелерімен бөлісіп, білгенін үйретті. Осы күні зауытта өзіміз оқытқан 15 маман жұмыс жасайды. Және зауыт қазіргі таңда шетелдік мамандарға тәуелді емес. Тек олар келіп кетіп оқытып, тәжірибелерімен бөлісіп, сапаны қадағалайды. Ал, зауыт барлығы 70 адамға жұмыс беріп отыр»,- дейді бас директор Егор Херляйн.

Зауыт өнімі қазақстанмен қатар таяу шетелгеде сатылады. Атап айтсақ: Ресей, Қырғызстан. Зауыттын дайын өнімін осы елдерде сатумен айналысатын өкілдері бар. Дайын өнімге ішкі рынокта сұраныс жоғары. Енді мақсат зауыттын толық қуатта жұмыс жасауы үшін компания келер жылдан бастап экспортты арттырмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109