1452

Міндеті: жарықтандыру мен үнемдеу

«Led System Media» ЖШС – бұл, жарық диодты құрылғыларды өндірумен айналысатын Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын. Мұнда жылына жарықтандыру құрылғыларының 100 мың данасы шығарылады. Қуатты бірнеше есе үнемдейтін өнімдерді жасау процессін елорда әкімдігі медиа орталығының тілшісі де бақылап, кәсіпорынның айбынды жоспарларымен танысқан болатын.

Жарық диодтарды өндірумен айналысатын «Led System Media» ЖШС «Астана – жаңа қала» арнайы  экономикалық аймағында орналасқан. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына жарықтандыру құрылғыларының 100 мың данасын шығарады. Бұл істе компания «Semileds» (АҚШ) технологиясын пайдаланады. 

Мұнда жасалатын  жарық диодты  құрылғылар электр қуатын 3,5 есеге дейін үнемдейді екен.

«Біздің зауыттың Қазақстанда баламасы жоқ. Зауытымызда қуаттылығы өте жарқын жарық диодтардың айына 1 млн данасын шығаруға қауқары бар корпустендіру желісі орналастырылған. Мұндай шамдардың жарамдылық мерзімі 50 мың сағатты құрайды. Кәсіпорында, сондай-ақ, сағатына 40 мың компонентті шығаратын сыртқы монтаж желісі мен дайын өнімді құрастыратын цех бар», - деп мәлімдеді Led System Media» ЖШС-нің бас директоры А.Таукенов.

Оның сөздеріне қарағанда, бүгінгі күнге дейін «Led System Media» ЖШС 280 млн теңгенің өнімін шығарған. Алдағы жылы кәсіпорында жаңа бағытты қамтитын жоба іске аса бастамақ.

«Біздің өндіріс бірнеше деңгейге бөлінген. Олардың бірі – жоғары технологиялық бөлім. Мұнда жарық диодтардың өзі өндіріліп, дайын өнімдер тақтаға орнатылады, толымдауыштар жасалып, құрастырылады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен ие болған гранттың арқасында біз өндірістің вертикалды  құрылымын құрдық», - деп атап өтті А.Таукенов.

Қоймаларда жарық диодты шырағдандарды қолдану жобасы келесі жылы іске асырыла бастайды. Ол қоймаларда жемістер мен көкөністерді күн көзінің баламалы қуатының көмегімен өсіруге бағытталған. Зауыттың бас директоры атап өткендей, аталмыш жоба кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік болып табылады. Франшизаны сатып алу арқылы кәсіпкерлер көкөністер өндірісімен айналыса алады.

«Бұл жобаны дайын бизнес жоспар деп атауға болады. Біз технологиялық тізбегі бар қоймаларға арналған кешенді шешімдерді ұсынамыз. Бұл автоматтандырылған жүйе болмақ. Дәлірек айтқанда, жарық пен су өсімдіктерге уақытында беріліп тұрады. Жарық диодты жарықтандырудың бірегей схемасы олардың өсу жеделдігін арттырып, жиналатын өнім көлемін ұлғайтып, екпе өсімдіктің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді», - түсіндірді А. Таукенов.

Бұл бағытта қазір есептеу шаралары жүргізіліп жатыр. Шамамен, 7000 шаршы метр болатын аудан үшін оның құны 1 млн АҚШ долларын құрайтын болады. Зауыт жанында сынамалы қойманың қаңқасы салыну үстінде.

Зауыт аз уақыттың ішінде бірқатар нәтижелерге де қол жеткізген. Кәсіпорын жетекшілігі өз алдына елімізді үздік импорттық өнімдерге сапасы жағынан дес бермейтін отандық энергия үнемдейтін технологиялардың қол жетімділігімен қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда зауытта 28 адам жұмыс істейді. Мамандар Ресей мен Қытайдың өндірістік орындарында біліктіліктерін арттырған.

Кәсіпорын әлемдегі ірі өндірушілермен ынтымақта жұмыс істейді. Үздіктердің тәжірибесін ескере отырып, серіктестік қызметкерлері Қазақстандағы инновациялардың дамуына өзіндік үлес қосуда.

Мәтін: Әсем Мырхайдарова

Суретті түсірген: Әділхан ІЛИЯСОВ

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109