2046

Индустриалды Астана: «Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы өндіріс көлемін ұлғайтуда

Осы жылдың қаңтар айында астаналық кәсіпорын мен түркиялық GüzelceMakina компания арасында ерлерге арналған классикалық костюмдер мен әйелдерге арналған костюмдер, пальто мен плащтарды тігудің автоматтандырылған желісі жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде, «Astana Ютария Ltd» ЖШС жылына костюмдердің 100 мың данасын шығару қуаттылығына қол жеткізетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» жеңіл өнеркәсіптік өнім өндірісімен, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды жетілдірумен айналысатын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компания.

Серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» және ҮИИД бағдарламаларының аясында 2014 жылы құрылған болатын. Кәсіпорынның жоспарлы қуаттылығы жылына 2 миллионға тарта бұйым шығарады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын 500-ге тарта адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді.

«Біздің қызметкерлер бір ауысымда жұмыс істейді. Олар үшін толық әлеуметтік пакет қарастырылған. Сонымен қатар, қызметкерлерімізді автобустармен жұмысқа тегін жеткіземіз. Еліміздің басқа қалаларынан келген азаматтарға уақытша жатақхана ұсынамыз», - деді «Astana Ютария Ltd» ЖШС бас директорының орынбасары Бахыт Молдабаева.

Компанияның басымдық беретін бағыты - ішкі сұранысты дамыту, өндіріс ассортиментін ұлғайту арқылы экспорттық әлеуетті арттыруды жүзеге асыру.

Кәсіпорын бұйымдардың 200-ден астам түрін шығарады. Олардың ішінде химия, мұнай-газ, металл, тамақ, дәрі-дәрмек, автомобиль өнеркәсібі, көлік және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, қонақ үй кешені және өнеркәсіптің басқа да салаларының мамандарына арналған киімдер, ерлер мен әйелдер киімі, балаларға арналған тауарлар, төсек-орын тыстары бар.

Мұнымен қоса, «Жасампаз» консорциумының мүшесі бола тұра,«Astana Ютария Ltd» компаниясы мемлекеттің қорғаныстық тапсырысы аясында әскери және қос нысанды тауарларды тігеді.

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушыларының тапсырысы бойынша компания супервайзерлер, стендистер, волонтерлер, байланыс және аккредитация орталықтарының, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның, Қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері сияқты қызмет көрсету саласының барлық жұмыскерлерін киім үлгілерімен қамтамасыз еткен болатын.

Бахыт Молдабаеваның берген мәліметінше, ЭКСПО көрмесі үшін шамамен 90 мың бұйым тігілген.

«Көлемді тапсырыстарды орындауға заманауи техника жабдықтары көмектеседі. Біздің кәсіпорында танымал «ZOJE» фирмасының автоматтандырылған жабдығы бар. Оның көмегімен біз тігін машиналарын жинаймыз. Дәлірек айтқанда, өз-өзімізді машиналардың қажетті көлемімен қамтып отырмыз.

Фабрикамыздың цехтары да автоматтандырылған пішу, тігін жабдығымен жарақтандырылған», - деді «Astana Ютария Ltd» ЖШС бас директорының орынбасары.

Бахыт Молдабаева кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалаудың инновациялық процестерінің белсенді түрде енгізіліп жатқандығын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Түркияның Güzelce Makina компаниясымен келісілген шарттың негізінде серіктестікте жоғары технологиялық тігін жабдығы орнатылып жатыр.

«Жылдың басында «Astana Ютария ltd» ЖШС мен түркиялық Güzelce Makina компаниясы арасында келісім-шарт жасалған болатын. Оның аясында түркиялық әріптестер жабдықты орнатып, оны іске қосуды реттеп, қызметкерлерімізді оқытып жатыр. Алдағы 7 жылда жоба толық қуаттылығына шығады деп жоспарлап отырмыз", - деді Бахыт Молдабаева.

Айта кетейік, ерлерге арналған классикалық костюмдер мен әйелдерге арналған костюмдер, пальто мен плащтар астаналық кәсіпорында 2018 жылдан бастап шығарылмақ. Жоба қуаттылығы - жылына 300-400 мың дана өнім. Толық қуаттылыққа шығудың нәтижесінде өндірістік жоба салықтық түсімдер мен мемлекетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің көлемін 35-40 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба аясында 2018 -2019 жылдардан «Astana Ютария ltd» ЖШС өндіретін өнім Ресей мен Еуропа елдеріне экспортталады деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109