1580

Индустриалды Астана: менің алтын астанам

2019 жылы «Тау-Кен Алтын» жылына жобалық қуаты 25 тонна аффинирлі алтынмен шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. 

«2017 жылы зауыт Қазақстандағы 44 тау-кен кәсіпорнымен құрамында алтыны бар шикізатты жеткізіп беру туралы келісімге қол қойды. Келесі жылы 40-қа жуық келісімге қол қойылып, 20 тонна өндіру жоспарлануда. 2019-2020 жылдары жылына жобалық қуаты 25 тонна аффинирлі алтынмен шықсақ», - дейді «Тау-Кен Алтын» зауытының өндіріс бойынша директорының орынбасары Асқар Тлеулин. 

Сонымен қатар, зауыттың қуаты басқа да құнды өнімдер шығаруға мүмкіндік беретінін айта кетті.

«Зауыттың технологиясы ТМД аумағында баламасы жоқ, әлемдік лидерлерден тыс қалмайтын халықаралық инновациялық тәсілге сәйкес, қымбат металлдарды аффинажды өңдейтін, өз кезегінде ТМД-ның жетекші кәсіпорындарымен құрамында алтыны бар шикізатты әзірлеудің бағасы бойынша бәсекелесуге мүмкіндік береді», - деді А.Тлеулин.

 Аффинажды технологияны таңдаудағы негізгі өлшем, оны пайдаланудың экологиялық тазалығында екенін айта кеткен жөн.

«Экологиялық тазалыққа сәйкес, электрохимиялық технология әдісімен  қымбат металлдарды аффинаждауды таңдау, оның ішінде кешенді түрде құрылғының технологиялық процесі экологиялық қауіпсіздік пен сапасы төмен қоспалы шикізатты өңдеу мен халықаралық стандарттың бәріне сай  99,99% кем емес, таза өнім алуға мүмкіндік береді», - дейді А.Тлеулин.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша 4 жыл ішінде зауыт Ұлттық банктің 45 тоннадан астам аффинирлі алтынын өндірген. 

Зауыт алтынды зергерлік түйіршік ретінде де жасап шығара алады. Мәселен, биыл Қазақстанның зергер компаниялары үшін 35 кг аффинирлі алтын өндірген.

Зауыт ашылған күннен бастап құрамында алтыны бар шикізатты  қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар жеткізіп келеді. Олар: «Алтыналмас» АҚ, «ГМК Казахалтын», «ГМК Алтын ММ», «Алтын Көкшетау» компаниялары. «Варваринское» АҚ, Ресейлік «Полиметал» тау-кен компаниясы, «NordGoldN.V»  халықаралық алтын өндіруші компанияға қарасты «ФИК «Алел» және басқалар.

Аффинаж үшін шайма алтын, катодты алтын, ерітілген және қайта ерітілген зергерлік алтындар шикізат көзі болып табылады. Тағы бір айта кететін жайт, зауыт «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысты. Туннель пеші мен вакуумді күміс дистилляцияның макеті ұсынылды. Сонымен қатар, зауыт өнімін өндірушінің макеті көрсетіліп, оны Ұлттық музейдің көрмесіне пайдалануға берді. 

Бүгінде зауыт 74 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109