1080

Биыл 5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бүгін елорда әкімдігінде Құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтың қатысуымен «Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

«2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы іске асырыла бастағалы Құрылыс басқармасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүйесі арқылы несиелік баспана; жергілікті атқарушы органдар қатарынан кезекте тұрғандарға арналған арендалық баспана бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы ауданы 215,5 мың м2 болатын 16 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді», – деді Талғат Рысбеков. 

Астанада 42 мыңнан астам адам тұрғын үйге кезекте тұр. Биыл жалпы ауданы 53,13 мың м2 болатын 984 пәтердің құрылысы басталды, оларды сату жергілікті атқарушы органның облигацияларын шығару арқылы 2016 жылға арналған Дағдарысқа қарсы жоспардың шеңберінде іске асырылуда. Аталған тұрғын үй кешендерін 2017 жылы тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, келер жылы ЖАО кезекте тұрғандарға арналған арендалық тұрғын үй бағыты бойынша жалпы ауданы 22,9 мың м2 болатын 530 пәтер тапсырылмақ.

Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы ауданы 141,2 мың м2 болатын 1 849 пәтерге есептелген 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тапсырылған үйлердің жалпы көлемінің 54 мың м2 1 049 пәтер апатты үйлердің азаматтарын көшіру үшін коммуналдық меншікке ақысыз негізде беріледі.

«Мемлекет басшысының бастамасымен ескі үйлерді бұзу бағдарламасы қолға алынды. Бұл түрік әдісі. 2013 жылы 228 ескі үй анықталды. Қазрігі кезде 100 астам үй сүрілді, қалған үйлер алдағы жылы бұзылатын болады», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109