848

Биылғы көктемде Есіл ауданында 2000-нан астам ағаш отырғызу жоспарланған

Қаланы абаттандыру мен тазалығын сақтау іс-шарасы аясында Есіл ауданының әкімдігі елорда көшелеріндегі саябақтар мен гүлзарларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Қаланы абаттандыру мен тазалығын сақтау іс-шарасы аясында Есіл ауданының әкімдігі елорда көшелеріндегі саябақтар мен гүлзарларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Есіл ауданының әкімдігі мәлім етті.  

Қаланы көгалдандыру 20 сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілік кезінде басталады.  Онда Тұран даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесіне, сондай-ақ, Ботаникалық баққа ағаштар отырғызылады.  

Биылғы көктемде Есіл ауданының әкімдігі 2 478 ағаш отырғызып, 2 100 шаршы метр аумақты көгалдандыруды, сондай-ақ,  4 178 402 гүлді өсімдіктерді егуді жоспарлауда.

Сондай-ақ,  шыбын-шіркейлерден қорғану мен көктеген ағаштарға эстетикалық түр беру мақсатында 80 мыңнан астам ағаштарды ақтап, екі миллион көгал аумағын тазалап, көгалдандыру көзделуде. 

Есіл ауданы әкімдігінен хабарланғанындай, бүгінгі күні 16 субұрқақты іске қосу жұмыстары басталып кетті.  Осы іс-шаралар ауқымында 18 гүлзардың жұмыстары қалпына келтірілді. Жолдар жөнделіп, қоршаулар қайта жаңартылып боялады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109