598

Алматы ауданының көшелеріне жаңа ағаштар отырғызылды

Жыл сайынғы дәстүр бойынша елордада 2013 жылдың 10 сәуірінен 10 мамырына дейін «экологиялық айлық» жарияланды. Алматы аудыны осы кезеңде жоспарланған іс-шараларға қазірдің өзінде кірісіп кетті.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша елордада 2013 жылдың 10 сәуірінен 10 мамырына дейін  «экологиялық айлық» жарияланды. Алматы ауданы осы кезеңде жоспарланған іс-шараларға қазірдің өзінде кірісіп кетті.  

Әкімдік «экологиялық айлық» аясында 2000-нан аса ағаш, 1500 тамыр өсінділерін отырғызуды мақсат тұтқан.  

Әкімдікте атап көрсеткеніндей, қыстан кейін тамыры суалған ағаштарды кесіп, Абылайхан даңғылының бойында орамішілік аумақтарға жаңа ағаштар отырғызылмақ.  

«Экологиялық айлық» барысында 101 мекен-жай бойынша контейнерлік алаңдарды жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл жұмыс 31 наурызда басталған болатын.  

Алматы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің ақпараты бойынша, қазірдің өзінде Т.Хусейн 4/6, Ташенов 2/3, Ғабдуллин 10/3, Торайғыров 3, Баянауыл 3, Сейфуллин 44, 48/6, 61/1, Бейсекбаев 10/1, Брусиловский 26, Жұбанов 13/2, 17/3, 31/1,Циолковский 1, Иманбаева 5, Аймаутов 12/1 және 3/3  мекен-жайларындағы контейнер алаңдары жөндеуден өткізілді. 

Сондай-ақ, әкімдіктің айтуынша, жоспарланған іс-шаралар аясында ауданның саябақтары мен гүлзарларында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар ақталады, қоршаулар мен тіреуіштер жаңартылады.  Сонымен қатар тұрақты түрде көпірлер жөнделіп, урналар қойылып, Ақбұлақ және Есіл өзендерінің арналары тазаланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109