936

Астана көшелеріне 2500 жаңа ағаш отырғызылады

Астанада 20 сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілікте 2500 түп түрлі ағаш тұқымдарын отырғызу жоспарлануда.

Астанада 20 сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілікте 2500 түп түрлі ағаш тұқымдарын отырғызу жоспарлануда. Енді қала аумағында жас үйеңке, емен, қайың, қарағай,терек, тағы да басқа ағаштар пайда болады. Бұл туралы astana.kz  сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылым бөлімінен мәлім етті. 

Бөлімнің хабарлауынша, жалпықалалық экологиялық сенбілік  аясында «Астана-Көгалдандыруқұрылысы» АҚ  қалалық және республикалық ұйымдармен бірге  ағаштардың сан түрін қаланың ауқымды бөлігіне отырғызатын болады.  «Қала аумағын көгалдандыру  шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Жасыл желек елорданың келбетін көріктендіріп қана қоймайды, оның микроклиматын да оңалтады. Ауаны тазартып, ылғалдылықты арттырады, шуды төмендетеді», - делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, Есіл ауданында Тұран даңғылы бойына 1000 дана тал, ұсақ тамырлы үйеңке, самырсын, бал қарағай тұқымдарын егу жоспарланған.  

Ал Алматы ауданында егілетін ағаш одан сәл көптеу (1300 дана). Ол көлік айырылығы көпірі мен Пушкин және Ақжол көшелерінің қиылысына отырғызылады. 

Сарыарқа ауданына да Тілендиев даңғылы бойын 122 пирамидалық тал, мен қарағай және  78 үйеңке - барлығы  200 жас ағаш көріктендіреді. 

Еске салайық, елорда аумағын абаттандырып, көгалдандыру және санитарлық тазалау  жөніндегі жалпықалалық сенбілік  экологиялық айлық аясында 10 сәуірде бастау алды.  Экологиялық айлық кезінде көгал аумағын жасылдандырып, қалалық саябақтар мен гүлзарларды, сондай-ақ, барлық көшелерді ретке келтіріп, ағаштарды  әктеу жоспарланған.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109