661

Алматы ауданы сенбілікте 8 бағытқа бөлініп, жұмыс атқарады

10 сәуірден 10 мамырға дейінгі экологиялық айлық пен 20 сәуірдегі жалпықалалық сенбілікті ұйымшылдықпен өткізу мақсатында Алматы ауданында штаб құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді.

10 сәуірден 10 мамырға дейінгі экологиялық айлық пен 20 сәуірдегі жалпықалалық сенбілікті ұйымшылдықпен өткізу мақсатында Алматы ауданында штаб құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді.

Аудан 31 сектордан тұратын 8 орамға бөлінді. Әрбір орамға аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат мамандары, және басқарманың жауапты адамдары бекітілді, - деп хабарлайды Алмаы ауданының әкімдігінен.  

Ведомстводан атап көрсеткеніндей, сенбілікке қатысушыларды барынша көбірек қамту үшін ауданның барлық нысандарына ақпараттық парақшалар таратылып, ілінді. Учаскелер мен аумақтарға орта-арнаулы, және жоғары оқу орындарының ұжымдары тұрақты түрде бекітілді.  

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері Астана – Қарағанды тас жолының бойын, .Б.Момышұлы даңғылынан «Рубеж» бекетіне дейін (300 адам),темір жол рельсінің бойын Мұстафин көшесінен Еділ көшесіне дейін (100 адам), Оң жақ айналама тас жолды (150 адам), «Фламинго», «Ударник» саяжай алаптарын (150), Алаш тас жолынан «Шанхай» базарына дейін және ҚТҚ полигонына дейін (50 адам), ЖЭО-2 жолын  Алаш тас жолынан Пушкин көшесіне дейін  (50 адам) жинап, тазалайды.

Гуманитарлық және медициналық колледждің оқушылары темір жол полотносы бойымен Мұстафин көшесінен Ақбұлақ өзеніне дейін баса назар аударатын болады.

Железнодорожный кенті тас жолының бойын және темір жол полотносы бойымен Индустриалдық парк жағынан № 68665  әскери бөлімінің  жауынгерлері (150 адам) ретке келтіреді.

Аудан әкімдігінде атап көрсеткеніндей, ұйымдастыру мәселелері қазірдің өзінде шешімін тапқан.  Студенттер  жиналып, 20 сәуір күні 8:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Пушкин мен Жұмабаев көшесі жағынан автобустармен аттанады. 

Өз кезегінде «Астана-Көгалдандыруқұрылысы» АҚ Акжол және Пушкин көшелерінің қиылысына 1137 ағаш отырғызу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. ПИК-тер мен сенбілікке қатысатын ұйымдарға ағаш түптері мен инертті материалдарды беру  «Жерұйық» саябағында  18 сәуірде  9:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Алматы ауданының әкімдігі барлық мәселелер бойынша:35-03-01, 36-36-79 телефондары бойынша әкімдіктің абаттандыру бөліміне хабарласуға болатынан еске салады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109