650

Сенбілікке білім ұйымдарының 75 мыңнан астам өкілі шығады

20 сәуірде Астана тұрғындары 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында қала әкімдігі жариялаған экологиялық сенбілік аясында жалпықалалық сенбілікке шығады.

20 сәуірде Астана тұрғындары 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында қала әкімдігі жариялаған экологиялық сенбілік аясында жалпықалалық сенбілікке шығады. Өздерінің аулалары мен көшелерін, жинап, саябақтар мен гүлзарларды қалыпқа келтіру, ағаш отырғызу  үшін барлық қала тұрғындары қатысады.  

Білім басқармасы бұл іс-шараға сәуір айының басынан бері дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ведомстводан хабарлағанындай, 8 сәуір күні Білім басқармасының алқа мәжілісінде жалпықалалық сенбілікке дайындық мәселесі мен оны ұйымшылдықпен өткізу қаралған болатын. 

Бір ай бойы Білім басқармасы осы бір қоғамдық пайдалы жұмысқа ата-аналар мен балаларды, мектеп және колледж оқушыларын тарту үшін бірқатар акциялар өткізді.  

Ведомстводан атап көрсеткеніндей, мектептерде сенбіліктің қала тазалығы үшін мәні мен маңызы туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Менің аулам – менің көшем» атты сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналарға хат жазылып, сенбілікті өткізудің нұсқаулығы жасалды.  

Барлық білім мекемелеріне 11 сәуір күні ата-аналар үшін 89 мың флайер жіберілді.  

Білім басқармасы 13 сәуір күні педагогикалық ұжымдар мен мектеп оқушыларының қатысуымен экологиялық сенбілікті бастап та кетті. Бұл күні қала көшелерін ретке келтіру үшін 38117 педагог пен оқушы шықты. Соның ішінде Сарыарқа ауданынан - 18554, Алматы аудынынан – 16857 және Есіл ауданынан -  2706 педагог пен оқушы қатысты.

Ведомстводан хабарлағанындай, 20 сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілікке білім ұйымдарынан – 77718 өкіл, соның ішінде, Сарыарқа ауданы бойынша – 36322, Алматы ауданы бойынша - 35379, Есіл ауданынан – 5937, Білім басқармасынан - 80 адам қатысуы жоспарланған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109