939

Жалпықалалық сенбілікке Астана ардагерлері де қатысады

Ертең Астанада өтетін жалпықалалық сенбілікке ардагерлер де қатысуға тілек білдерді. 20 сәуір күні елордада ауқымды жалпықалалық сенбілік өтеді. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бұл күні қала тазалығына атсалысады.

Ертең Астанада өтетін жалпықалалық сенбілікке ардагерлер де қатысуға тілек білдерді. 20 сәуір күні елордада ауқымды жалпықалалық сенбілік өтеді. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бұл күні қала тазалығына атсалысады. Елорда ардагерлері сенбілік аясында Астананың ірі ескерткіштері мен монументтері аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.  

Іс-шара 5 негізгі орынды қамтып отыр. Олар: Әлия Молдағұлова ескерткіші, жауынгер қорғаушылар, «Отан қорғаушылар» монументі, Отан қорғаушы жауынгерлер жерленген орын және Бауыржан Момышұлы ескерткіші. 

Әлия Молдағұлова ескерткіші маңын 70-тен астам адам жинайды деп жоспарланған. Олардың қатарында – Ұлы Отан соғысының ардагері Сихымбай Мамыров, қалалық, Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері бар.   

 Ардагерлер «Отан Қорғаушылар» монументі аумағын абаттандыруға да  өз үлестерін қосады. Бұл жерде аға ұрпаққа мектеп оқушылары мен «Жас Отан» партиясының өкілдері  - барлығы 100 адам көмекке келеді.

Тағы 20 адам қалалық госпиталдерде көз жұмған Отан қорғаушы жауынгерлер жерленген жерді тазалап, жинайды.   

Есіл ауданы ардагерлер кеңесінен осыншама ардагер Бауыржан Момышұлы ескерткіші аумағын абаттандыратын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109