656

Жастар ұйымшылдық танытуда

Астана қаласындағы жалпықалалық сенбілікке Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен мемлекеттік Жастар саясатын дамыту қоры белсене атсалысты.

Астана қаласындағы жалпықалалық сенбілікке Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен мемлекеттік Жастар саясатын дамыту қоры белсене атсалысты. Сенбілікке аталған мекемелердің 60-қа жуық қызметкері қатысып, «Арай» саябағын қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, ақтау-сырлау жұмыстарын жүргізді. 

«Саябақ – көпшілік демалатын, ауасы таза, табиғаты тамаша орын. Сондықтан оны әрдайым таза ұстау керек. Сондықтан бүгін сыпырғыш, күрек, тырмамен қаруланған жастарымыз саябақ ішін мұнтаздай етіп тазартуға құлшына кірісті. Одан бөлек колледж, арнаулы орта білім беру мекемелерін есептемегенде қаланың ЖОО-ның 11100 студенті мен жастар ұйымдарының 300-ге жуық мүшесі оқу орындары, жатақхана, аудан әкімдіктері белгілеген аймақтарды тазартуда», - деп мәлімдеді Жастар саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді. 

Еңбеккер жастар қай кезде болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдық борышың деп біледі. Ал, қалалық сенбілік сәні мен сәулеті жарасқан елорда тазалығын еселейтін жақсы дәстүр. Айта кету керек, сенбіліктен кейін Жастар саясаты мәселелері басқармасы орталықтандырылған спортшылардың қатысуымен жастар арасында спорттық сайыстар мен сұрақ-жауап сайыстарын өткізбек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109