651

Мәдениет көше тазалығынан басталады

Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 23 мекеменің мың жарымға жуық қызметкері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 23 мекеменің мың жарымға жуық қызметкері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Атап айтсақ, олар Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мемлекеттік «Наз» би театры, «Атамекен» этномемориалды кешені, Сәкен Сейфуллин мұражайы, қалалық цирк, «Жастар» сарайы және тағы басқалар. Бұлтты күнге қарамастан аталған мекеме қызметкерлері таңертеңнен жақтауларды сырлап, белгіленген аймақтарды қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеуде.

Қаланы тазартуда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театрының өкілдері де белсене атсалысуда. Айта кетейік, көктем келісімен, бұлақ көзін ашып, ағаш отырғызу театр ұжымының игі дәстүріне айналған.

«Таңертеңнен кешке дейін кеңседе отыратын қызметкерлер үшін бұл өзіндік дене шынықтыру десек болады. Ал, елорда тұрғыны ретінде қала тазалығына, жұмыс істейтін мекеменің тазалығына бей-жай қарай алмаймыз. Сондықтан сенбілік – қала тазалығын сақтауға үлес қосуға бірден-бір мүмкіндік береді. Сенбілік өткізу апта сайын дәстүрге айналатын болса, нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын», - деді Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз-хатшысы Әсем Чапай.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешовтың айтуынша, жұмыла жұмыс істегенде ғана еңбек өнімді болады. Сондай-ақ, басқарма бастығы: «Жалпықалалық сенбілік – көктемде асыға күтетін игі дәстүрге айналған. Ал, қала тазалығын сақтау кез келген Астана тұрғыны үшін маңызды. Мен мұндай еңбектің БАҚ өкілдері тарапынан қолдау тауып, кеңінен насихатталып жатқанына қуанамын. Кейде қарбалас қызу тірлікке салынып, әріптесіңнен қал сұрауға да мүмкіндік болмай жатады. Ал, сенбілік жұмыстан тыс уақытта жағдай сұрасып, бір-біріңе көңіл бөлуге де мүмкіндік береді. Сенбілікке Тілдерді дамыту басқармасынан 30-ға жуық адам қатысты. Сонымен қатар, инновациялық «Зерде» тілдерді дамыту орталығы мен «Руханият» орталығының да қызметкерлері бар. Бізге Абай және Республика даңғылдарын тазарту тапсырылды» деп сөзін түйіндеді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109