244

Астанада «Жаужүрек полкі - әлемдік марш» шеруі өтеді

9 мамырда елордада Астана қ. Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаужүрек полкі - әлемдік марш» шеруі өтеді.

Жалпы ұзындығы 2,5 шақырымдық марш халықаралық Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған. Ауқымды шараның мақсаты – 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу.

«Биыл осы акцияны үшінші рет өткізгелі отырмыз. Аталған шараға әлемнің 60-тан аса елі қолдау білдіріп, атсалысып келеді. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын шараға қатысып, сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына құрмет көрсетуге шақырамыз», - деп атап көрсетті Астана қ. Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов.

«Жаужүрек полкі - әлемдік марш» акциясына қатысушылардың жиналып, сап түзеуі 9 мамыр күні сағат 12:30-да «Қазақ елі» монументінің қасында жоспарланған.

Бағдарламаға сәйкес, марштың алдында эстрада жұлдыздарының қатысуымен әскери жылдардағы әндер концерті өтеді. Содан кейін әскери техниканың еріп жүруімен колонна Тәуелсіздік даңғылымен жүріп, «Отан Қорғаушылар» монументінің алдына барып тоқтайды.

«Биыл марштың бағыты 2 шақырымнан асады. Өйткені адамдардың тілегі сондай болды. Былтыр қатысушылар 1,5 км жүріп өткен. Колоннаны әскери техника бастайды, содан кейін негізгі баннер ұстаған еріктілер және олардың ізін ала шараның қатысушылары жүреді. Маршқа ниет білдірген әр адам қатыса алады», - деп хабарлады «Жаужүрек полк» азаматтық бастамасының үйлестіру кеңесінің өкілі Аида Баймақова.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар аталған шара барысында көптеген адамдар бұрынғы үзеңгілестерін кездестіретінін айтады. Былтыр шеруге 7000-ға тарта азамат қатысса, биыл олардың саны 15 000 мыңға жетеді деп болжанып отыр.

Сонымен бірге, ұйымдастыру комитетінің өкілдері қазіргі уақытта алыс және жақын шет елдерде қаза тауып, жерленген қазақстандық жауынгерлерді іздестіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Контртеррористік комитет» республикалық бірлестігі президиумының төрағасы Аманжол Оразбаевтың мәліметінше, соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1 млн 400 мың жауынгер аттанған, солардың көбі елге оралмады. Аманжол Оразбаев 2007 жылдан бастап жеке бастама көтеріп, 48 қазақстандық жауынгердің зиратын тауып, олардың жақындарына хабар жеткізген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109