278

Астанада «Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» шеруі өтеді

9 мамырда «Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» шеруі өтеді. 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары Астана көшелерімен жүріп өтеді.

«Жаужүрек полкі Астана» маршына қатысу үшін алдын ала арнайы тіркелу және кіру билеттері жоқ. Қатысушылар транспаранттармен немесе үлкен өлшемдегі суретпен шеруге шыға алады, тек фото шыны жиектемеге салынбауы керек. Өйткені, біріншіден, оның шыныда орналасуы қауіп төндіреді, екіншіден, шыны жиектемедегі сурет күнге шағылысады.

Шеру «Қазақ елі» монументінен басталып, «Отан қорғаушылар» мемориалында аяқталады.

Биыл «Жаужүрек полкі Астана» маршының жолы 2,5 шақырымды құрайды, жалпы жүріп өтетін жол 3,6 км құрайды. «Қазақ елі» монументінің жанында жиналу уақыты сағат 12.00, қозғалу уақыты 13.00 басталады.

Монумент алаңында музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер орындалады. Әскери техникамен бірге колонна Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтеді. «Жеңіс күні» композициясын орындап, шеру «Отан қорғаушылар» монументінде мәресіне жетеді.

Шара соғыста ерлік көрсеткен ардагерлердің жанұяларын, ұрпақтарын еске алу үшін ұйымдастырылады және оған кез келген азамат қатыса алады.

«Жаужүрек полкі Астана» маршына қатысу ережелерімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Қатысуға байланысты сауалдарыңызға жауапты мына телефондар арқылы ала аласызда:

8-701-683-23-83, 8-777-171-10-50, 8-700-100-00-11, 8-771-900-12-77, 8-701-999-78-20, 8-702-999-19-51, 8-707-777-08-72, 8-700-717-27-01, 8-700-100-99-33, 8-702-999-19-52.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109