873

Сәуір болмай - тәуір болмас

Астанада көктем сәуір айының ортасында толық күшіне енуі ықтимал. Осы кезде қар түгелдей еріп, сынап бағаны 20 градус жылылыққа дейін көтеріледі.

Астанада көктем сәуір айының ортасында толық күшіне енуі ықтимал. Осы кезде қар түгелдей еріп, сынап бағаны 20 градус жылылыққа дейін көтеріледі. Бұл туралы  astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Оған дейін күндіз еріп, түнде қатқан ауа температурасы құбылмалы күйде болады. Наурыз айының соңы мен сәуірдің басында елордада Еуропалық антициклон әсері суық желге ұласады. Батыстан соққан самал екпіні шығысқа қарай республиканың барлық аймақтарын қамтиды.

31 наурыз күні күн суық болады. Қар аралас жаңбыр жауады. Жылдамдығы секундына 9-14 метр жел тұруы мүмкін. Сәуірдің алғашқы күндері ауа температурасы түнде -5-10 градус суық, ал күндіз 0+5 градус жылы.

Синоптиктердің болжауынша, 4 сәуірден бастап күн жылына бастайды. Ай ортасына таман сынап бағанасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі. Дегенмен, сәуір айы өтпелі кезең болғандықтан, ауа-райы құбылып тұрады. Айдың соңғы он күнінде күн күрт суытуы мүмкін.

   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109