1225

Астанада жалпы қалалық сенбілікте 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Астанада 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікте 3 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Зеленстрой» АҚ хабарлады. 19 сәуірде елорда көшелеріне терек, тал, қайың, қарағай, мойыл ағаштарының 2950 көшеті отырғызылады. Еске салайық, 19 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз» жыл сайынғы жалпы қалалық сенбілік өтеді.

Астанада 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікте 3 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Зеленстрой» АҚ хабарлады. 19 сәуірде елорда көшелеріне терек, тал, қайың, қарағай, мойыл ағаштарының 2950 көшеті отырғызылады.

«Экологиялық сенбілікке қатысушылар ағаш отырғызу барысында құрал-саймандармен (күрек, тырна, зембіл) және жұмыс биялайларымен қамтамасыз етіледі. Көгалдандыру нысандарында ағаш отырғызатын орындар дайындалды, көшеттер қойылды, инерттік материалдар: құнарлы топырақ, құм, қарашірік қажетті көлемде жеткізілді»,- деп хабарлады компаниядан.

Бұдан басқа, аудандық әкімдіктердің өтініштері бойынша ПИК пен басқа да ұйымдарға ағаш пен бұтақтардың 2100 көшеті, 3,5 т әк пен қоқыс жинауға арналған 3600 қап бөлінеді.

Қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық тазарту бойынша экологиялық айлықты өткізу кезеңінде көшеттердің құрамы аясында гүлзәрларды тазарту, ағаштарды сылау, парктерде, скверлерда және көшелерде қоқыс жинау жоспарланған.

Еске салайық, 19 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз» жыл сайынғы жалпы қалалық сенбілік өтеді. Оған шамамен 93000 адам, 8500 кәсіпорын және ұйым, 170 оқу орындары, 360 ПИК қатысуы жоспарланған, 450 жуық техника тартылмақ. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109