1058

Қалалық бақтарда және гүлбақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдерінің аппараттары қыстан кейін ревизия жүргізіп, қаланы абаттандырудың бүлінген жерлерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлерін анықтады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Елордада бақтарда, гүлбақтарда, алаңдарда және субұрқақтарда қыстан кейінгі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Астанада Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдерінің аппараттары қыстан кейін ревизия жүргізіп, қаланы абаттандырудың бүлінген жерлерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлерін анықтады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөліміне сілтеме жасап. 

Алматы ауданында «Жерұйық», «Студенттік» бақтарда, «Отан Қорғаушылар» алаңында, Абылай хан даңғылындағы желекте, Ататүрік ескерткішінің жанында, Жастар сарайының алдындағы гүлбақта жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 1 834 шаршы м жерге гранит плиталар мен кеспе тастар төселді, 802 контейнер мен урналар жөнделді, 2 212 м кабель (көшені жарықтандыру - 1 330 м және бақта - 882 м) тартылды.

Сонымен қатар, «Қазақ елі», «Отан Қорғаушылар» монументтерінде, Чернобыль апатына қатысушылар мен «Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған» ескерткіште қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Есіл ауданында 5 мердігерлік ұйым абаттандырудың бұзылған элементтерін қалпына келтіру бойынша жұмыстармен айналысады. Субұрқақтарда 142 шаршы м гранит плиталар қалпына келтірілді, 3 662 шаршы м кеспе тас жабыны және 170 п.м. жолдың шеті ауыстырылды.

Бүгінгі таңда контейнерлер мен контейнер алаңдарын жөндеу және бояу жұмыстарының 85%, Ғашықтар бағында және Арай бағында, цирк жанындағы гүлбақта, ҚР мемлекеттік туы (Қорған), Ислам мәдениет орталығының жанында, «Думан» ойын-сауық орталығында, «Атамекен» - Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде, дипломатиялық қалашықта, «Северная корона» ТК және т.б. жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының 40% орындалды.

Сарыарқа ауданы аумағында күн сайын қоғамдық маңызды жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Есіл өзенінің жағасында, қалалық алаңда және Конгресс-Холл сарайының алдында, Абай ескерткішінің жанында, К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театрының, М. Горький атындағы орыс драма театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жанында. 

Бекітілген жоспар аясында 574 шаршы м мәрмәр және керамикалық плита және 314 шаршы м плита жабыны ауыстырылды, 208 шаршы м жерде түсіп кеткен жиектер жөнделді, 54 м жерде борттық тастар мен жиектер бөлшектеліп, монтаждалды. 

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының басым бөлігін осы айдың соңына дейін аяқтау көзделген. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109