1247

Астанада 6906 ағаш пен 8 миллионға жуық гүл отырғызылады

Көктем шыққан соң «Астана-Зеленстрой» АҚ қызметкерлерінің жұмысы қыза түседі. Олар жыл сайын қаланы көгалдандыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізеді. Ал елорда тұрғындары мен қонақтары парктерде серуендеп, қаланың көркіне лайықты бағасын беріп жатады. Биыл қала көшелерінде және парктерде ағаш отырғызу жоспарланған.

Көктем шыққан соң «Астана-Зеленстрой» АҚ қызметкерлерінің жұмысы қыза түседі. Олар жыл сайын қаланы көгалдандыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізеді. Ал елорда тұрғындары мен қонақтары кешке парктерде серуендеп, қаланың көркіне лайықты бағасын беріп жатады. 

Елорданы көлгалдандыру бойынша жұмыстар «2007-2030 жылдарға арналған Астана қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын» ескере отырып, Астананың Бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Биыл қала көшелерінде, гүлбақтарда және парктерде ағаш отырғызу жоспарланған.  Мысалы, Есіл ауданында 2562 ағаш, Алматы ауданында 3801 және Сарыарқа ауданында 543 көшет отырғызылады. Сонымен қатар, ұзындығы 2728 п.м қоршау салынбақ. 1120 п.м. Есіл ауданына, 1000 п.м. Алматы ауданына және 608 п.м. Сарыарқа ауданына тиесілі. Жалпы, 145 мың шаршы м жерге 7,9 млн. дана гүл отырғызылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жаз бойы тігінен көгалдандырылған 750 объектіні тамашалайтын болады: қоршауларға жасалған әр алуан тік композициялар, кашпо, шарлар  осының барлығы гүлден жасалады. Бұдан басқа, өсімдіктерден жасалған жиырма сәндік фигура мен 3 шағын альпі тауы болады.

Осы сала мамандарының айтуынша, жыл сайын көгалдандырумен айналысып, елордадағы ағаштар саны арттырылмақ, яғни, қаланың айналасында отырғызылған көшеттер тас жолдардың бойындағы көгалдандырумен ұштасатын болады, ал олар өз кезегінде, көрікті гүлбақтар мен парктерге ұласады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109