1172

Астанада 97 га жерге ботаникалық бақ салынады

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне орай іске асырылатын ірі жобалардың бірі - №24, 26, Қабанбай батыр және Түркістан көшелерінің жанында 97 га аумақта орналасатын парктік аймағы бар ботаникалық бақ болмақ. Нысан құрылысына бөлінген аумақта құрылыс жұмыстарының бірінші кезегі жүріп жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Астанада 97 га жерге ботаникалық бақ салынады

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне орай іске асырылатын ірі жобалардың бірі - №24, 26, Қабанбай батыр және Түркістан көшелерінің жанында 97 га аумақта орналасатын парктік аймағы бар ботаникалық бақ болмақ. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлады.

Ведомстводағылардың атап өтуінше, ботаникалық бақтың архитектуралық-жоспарлау шешімдері міндетті түрде айналадағы құрылыспен және көше-жол желісімен байланысты болу керек. Жобаны іске асыру барысында көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының жолдары және магистральдық инженерлік коммуникациялардың бағыттарын тиімді пайдалануға, олардың ұзындығын қысқартуға мүмкіндік беретін инженерлік инфрақұрылым дәліздері құрылады.

Бақ жобасы 6 кешенге бөлінген. Атап айтқанда, екі парктік аймақ, субұрқақтар орналасқан кірме топ, ашық топырақтағы ботаникалық бақ (онда Қазақстанның табиғаты ұсынылады) және каскадты жылыжайлары бар «Жерорта теңізі орманы», «Азиялық пейзаж», «Жер мен ана бағы», «Тропикалық оранжерея» және «Иран», «Испания», «Жапония», «Англия», «Франция», «Италия», «Қытай», «Мысыр» бақтары, сондай-ақ, жасанды көл мен су өсімдіктеріне арналған жеке су қоймалары болады.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта нысан құрылысына бөлінген аумақта құрылыс жұмыстарының бірінші кезегі жүріп жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, «Астана-Зеленстрой» АҚ 2593 ағаш пен бұта отырғызып, ұзындығы 77,3 метрлік бұта қоршамын орнатады, көлемі 39 мың шаршы м гүлзар абаттандырылады. Екінші кезек бойынша жұмыстарды 2014-2016 жылдары жүргізу жоспарланған. 

Алдағы уақытта ботаникалық бақ пен оның жанындағы парктік аймақ елорда тұрғындары демалатын және дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізетін орынға айналады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109