1387

Астанада ағаш кесу жағдайлары бақылауға алынды

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалалық аудан әкімдері аппараттарымен бірлесіп жаңа көшеттерді отырғызуды және ағаш кесуді немесе қазіргі ағаштарды қайта отырғызуды тұрақты бақылауға алды. Құрылыс жұмыстары жүргізілгенде ағаштар көп жағдайда басқа жерлерге отырғызылады. Аудан әкімдіктері өз тарапынан ағаштардың ағымдағы жағдайларын бақылайды.

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалалық аудан әкімдері аппараттарымен бірлесіп жаңа көшеттерді отырғызуды және ағаш кесуді немесе қазіргі ағаштарды қайта отырғызуды тұрақты бақылауға алды.

Көгалдандыру және абаттандыру бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, ағаштар мен бұталарды кесуге жол төсемін кеңейту және тротуарлар салу жұмыстары, сонымен қатар, қауіпті инфекция тарата бастаған өсімдіктердің ауруға шалдығуы жиі себеп болады. Құрылыс жұмыстары жүргізілгенде ағаштар көп  жағдайда басқа жерлерге отырғызылады.

Бөлімге түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерінен көшеттерді кесу немесе қайта отырғызу туралы өтініштер көп түседі. Ведомство қызметкерлері ол жерге барып, өсімдіктерді зерттейді, қарайды, оны кесуге негіздің болуын тексереді, содан кейін ғана оны кесуге рұқсатын береді немесе бас тартады.

Аудан әкімдіктері өз тарапынан ағаштардың ағымдағы жағдайларын бақылайды, ал қажет болған жағдайда орамішілік аумақтарда және жолдардың бойындағы ағаштарды крондау жұмыстарын жүргізеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109