1080

Астанада жазда 60 аула абаттандырылады

Елордада жыл сайын жаз маусымында аудандарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жандандырылады. Биыл аулалар, саябақтар мен скверлер жөндеуден өткізілмек. Қала күніне дейін жүзеге асырылған кейбір жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызмеетінен хабарлады.

Елордада жыл сайын жаз маусымында аудандарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жандандырылады. Биыл аулалар, саябақтар мен скверлер жөндеуден өткізілмек. Қала күніне дейін жүзеге асырылған кейбір жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызмеетінен хабарлады.

2010-2013 жылдары Сарыарқа ауданындағы 707 ауланың 430-ы абаттандырылды. Сондай-ақ, 80 аулаға балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Биыл ауданда 150 аула абаттандыру жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта 50 аула жобаланса, 28 аулада бөлшектеу жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Есіл ауданында биылғы маусымда 13 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жоспарланған: Сауран к-сі 4, Сығанақ к-сі 18 «Краун Плаза» ТК, Сауран к-сі 3, Достық к-сі 10 «Алматы» ТК, Сығанақ к-сі 15 «Визит» ТК, Тұран даңғылы 19/1 «Эдем» ТК, Қорғалжын тас жолы 4, 4/1 «Күлсай» ТК, Сарайшық к-сі 2, Жұбан ана к-сі 1, 3, 5, Мәжнүн тұйық көшесі 6. Аула ішілік аумақты абаттандыру дайындалған жобалар негізінде жүзеге асырылады. Есіл ауданында 500 шаршы метрлік балалар мен гимнастикалық алаңдарға резеңке жабын төселді, 10 гимнастикалық тренажер мен 8 шағын архитектуралық форма (әткеншек, карусель, «Өрмекші» ойын кешені, құм салғыш және т.б.), сондай-ақ, 550 шаршы метрлік спорт алаңы орнатылды.

Қазіргі уақытта Алматы ауданында 20 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды. 13 ойын кешені, 18 құмсалғыш, 18 кір жаятын орын, 6 спорт алаңы, 40 жарықтардыру тірегі, 194 орындық, 206 қоқыс жәшігі, 11 күрке орнатылады, 38 043,15 шаршы м аумаққа асфальт төселеді, 1589,92 шаршы м тротуарға кеспе тастар салынады. Бүгінде 7558,09 шаршы м өткелдер мен тұрақтар асфальтталды, 300 шаршы м тротуарға кеспе тастар салынып, 1078,68 п.м. гүлзар қоршалды, 2 кір жаятын орын мен демалыс алаңы жасалды, 28 орындық, 29 қоқыс жәшігі, 7 жарықтандыру тірегі орнатылып, балалар алаңына 2 ойын кешені мен 27 шағын архитектуралық форма, 12 гимнастикалық тренажер орнатылды.

Аулаларды абаттандыру қаланың сыртқы келбетіне көрік беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109