1030

Астана жолдарына тағы 10,5 шақырым веложол қосылады

Астанада велосипедшілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты қаладағы жол белгілері жүйесі мен жол инфрақұрылымына өзгерістер енгізілетін болады. Аталмыш жұмыс барысында велосипед жолдарының үш түрін жасау жоспарланған. Бұл тек велосипедшілердің қозғалысына арналған жеке жол, тротуар құрамындағы белгімен бөлінген веложол.

Астанада велосипедшілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты қаладағы жол белгілері жүйесі мен жол инфрақұрылымына өзгерістер енгізілетін болады.

Аталмыш жұмыс барысында велосипед жолдарының үш түрін жасау жоспарланған. Бұл тек велосипедшілердің қозғалысына арналған жеке жол; жалпылай пайдаланылатын жол құрамындағы жүргіншілер жолынан белгімен бөлінген веложол және тротуар құрамындағы белгімен бөлінген веложол.

«Бұған дейін Ильинка елді-мекеніндегі Қорғалжың тас жолының сол жағындағы Березовая роща бойында жабын төселген веложол пайдалануға берілген. Ол ені 3,5 метрді құрайтын 3 және 1 шақырым екі айналмадан тұрады. Сонымен қатар велосипед спортымен шұғылданатындар және қызығушылар Орталық саябақтағы жарықтандырылған және асфальтталған шаңғыроллер тас жолын пайдалана алады»,- дейді Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов.

Сонымен бірге, астаналық басқарма өкілі мәлімдегендей, қазіргі  таңда велосипедшілер үшін қалалық тротуар құрамына Тұран даңғылы бойындағы Жәнібек пен Керей хандарынан Достық көшесіне дейінгі аймақта 1,5 шақырым жол төселді. Ал жыл соңына дейін тағы 10,5 шақырым жол пайдалануға берілмек.

Жоспарға сәйкес, веложол ұзындығы 74 шақырымға дейін жеткізілмек. Оның қатарына кәдуілгі веложол, тұрақтайтын орын және орындықтар мен жалға алу нүктелері кіреді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109