1105

Астанада жалпы қалалық сенбілік өтіп жатыр

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбілік өтіп жатыр. Сонымен қатар, Есіл өзені, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ жылғалары қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Саябақтар мен шағын бақтардағы жасыл желектерді күтудің маусымдық агротехникалық жұмыстары жүргізіледі.

Сенбілікке қала тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйымдар белсенді қатысуда. 

Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты - экологиялық айлық аясында қала аумағын бірнеше мың тонна қоқыстан тазарту. Аудандық әкімдіктер тазалық шарасына қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етті. 

Сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылды. Сондай-ақ, бірнеше аумақта 4,5 мыңға жуық жас өскін отырғызылады. Жерұйық саябағында ғана 1 мыңнан астам жас тал егу жоспарланып отыр.

Ауқымды шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен басталды. Қала басшысы алғашқы көшетті өзі отырғызды. 

«Жалпы қалалық сенбілік игі дәстүрге айналды. Сенбіліктің негізгі міндеті - әрбір қала тұрғынының қаланы көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге үлес қосатыны. Жалпы, үш аудан бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Сенбіліктің тәрбиелік мәні бар екенін атап өтпекпін», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. 

Жалпы қалалық сенбілік қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109