1209

Алматы ауданында тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Елордалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жыл сайын қала ішілік аудандарды көгалдандыру мен абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Алматы ауданы әкімі аппаратының хабарлауынша, биыл төмендегі мекенждайларда орналасқан 20 тұрғын үйлердің ішкіорамдық аулаларына кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді:  

Ғ.Мүсірепов көшесі 5, 5/1, 5/2; 

Абылай хан даңғылы 26, 26/1, 28; 

А.Иманов көшесі 32, 32/1, 32/2, 34; 

Жәнібек Тархан көшесі 5/1, 7, 7/1; 

С.Сейфуллин көшесі 65/1; 

Сембинов көшесі 24, 24/1, 26/1; 

Циолковский көшесі 1/1; 

Абай даңғылы 78, 80/1, 80/2; 

Ә.Жангелдин көшесі 25; 

Республика даңғылы 38, 40; 

А.Жұбанов көшесі 21, 23, 25; 

С.Сейфуллин 33, 35. 

Сонымен қатар, үйлердің ішкіорамдық аулаларына 13 балалар ойын алаңы, 6 спорт алаңы, қоқыс жәшіктері, орындықтар, демалыс орындары, жарық беру қондырғылары орнатылды.

Жалпы көлемі 38043,15 шаршы аумақ асфальтталып, 1589,92 шаршы аумаққа шақпақ тас төселді. Сондай-ақ, А.Бараев көшесі 21, Ш.Құдайбердіұлы көшесі 44, Тәуелсіздік даңғылы 28, Абылайхан даңғылы 8/1, Б.Момышұлы даңғылы 9,11, Күйші Дина 25/1, 25/2, Абылайхан даңғылы 29/1, А.Пушкин көшесі 9, Б.Майлин көшесі 29/1, Жирентаев көшесі 9 мекенжайларына сиымдылығы 295 автокөлік болатын жаңадан автотұрақ салынды. 

Қосымша балалар ойын алаңдарын ағымдағы ұстау және орнату бағдарламасы бойынша 34 ойын алаңы және 5 спорт алаңы абаттандырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109