1292

Астанада санитарлық-қорғау аймағын «Елбасы орманы» деп атау туралы ұсыныс талқыланды

Биыл елорданың жасыл белдеу аумағында 271,9 гектар жерге 398 434 бірлік екпе көшет отырғызылды. 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда елорданың айналасындағы жасыл белдеудің жалпы ауданы 15 гектар шамасында, яғни 11 учаске. Екпе ағаштар 11 502,2 гектар жерді алып жатыр, онда 9,6 млн астам ағаш пен 1,8 млн бұта өсіп жатыр. Жасыл белдеудегі жапырақты жыныстардың үлесі 98,2%, қылқан жапырақтылар - 1,8 құрайды, соның ішінде жалпы 13 826 гектар жер, және іс жүзінде 10 525 гектар 12-18 жылдан аспайтын көшеттер отырғызу арқылы қайта жасалды. Қала аумағында орналасқан жасыл белдеу аймағы елорданың коммуналдық меншігі болып табылады. Белдеу аумағына 1629 қырғауыл жіберілді. 

Ведомствоның хабарлауынша, келер жылы да 400 мыңға жуық ағаш отырғызу көзделген, бұл жасыл белдеуді Орталық азиядағы жалғыз осы тектес орман алқабына айналдырады.

Айта кетейік, 2014 жылы 26 қарашада елордалық әкімдікте ономастикалық комиссияның отырысы болды, оның құрамына ҚР Парламентінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Ардагерлер кеңесінің, астаналық ЖОО мен ҚР Ұлттық мұрағатының өкілдері кірді. 

Отырыс барысында талқыланған басты мәселе - Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының елорданың санитарлық-қорғау аймағына «Елбасы орманы» атауын беру туралы ұсынысы болды. 

Бұл ұсыныс ономастикалық комиссия мүшелерінің басым бөлігінің қолдауына ие болды, бірақ соңғы шешім республикалық деңгейде қабылданатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109