1571

Астанада сыртқы жарнаманың сапасы бақыланады

Елордада белсенді шағын және орта бизнес субъектілері санының артуымен сыртқы жарнамалар да көбейді. Осыған орай Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы жарнама нысандарын тіл туралы заңнаманың нормалары мен ережелеріне сәйкестігін тексереді. Жыл басынан бері 57 рейд өткізіліп, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Тексеру барысында бір ғана тілде жазылған жарнамалар, қазақ тіліндегі мәтіні қатемен жазылған жарнамалар, сонымен қатар, әріптері жетпейтін немесе бұзылған маңдайша жазулар жиі кездеседі.

Осы қателерді жою үшін, бекітілген жоспарға сәйкес, жарнама жасаушылармен нақты жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, «Үздік жарнама» байқауы өткізілді. Байқауға астанада жарнама саласында 18 агенттік жұмыс істейді. Байқаудың мақсаты  мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету, тіл мәдениетін арттыру, қазақ тілінде жарнаманы сауатты жасауға қолдау көрсету.  

Байқау қорытындысы бойынша, «Кенжеахметов Боз» ЖК бірінші, «Наружка kz» ЖШС екінші, «Алтын өрнек» ЖШС үшінші орын алды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін тіл мәдениетін көтеру мақсатында арнайы семинар өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109