1112

2017 жылы Астанада жалпы ауданы 125 га екі демалыс аймағы ашылады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада «Жасыл белдеу» аумағында жалпы ауданы 125 га құрайтын екі «рекреациялық аймақ» құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жалпы ауданы 100 га «Солтүстік тізбек» учаскесінде ат спорты кешенін ескере келе, демалыс аймағын құру көзделген. Бұл аймақта жылдың төрт мезгіліне арналған спорттық, ойын-сауық кешендерін ескере келе, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған белсенді демаалыс қарастырылған.

Екінші аймақ «Жасыл белдеу» аумағында "Үркер" тұрғын алабына қарсы орналасады. Онда қазіргі веложолдарды пайдалана оытрып, ауданы 25 га белсенді демалыс аймағын құру жоспарлаанған. 

2015 жылы «Жасыл белдеу» аумағындағы рекреациялық аймаақтар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді, аталған жобалар жеке инвестициялар тарту арқылы 2017 жылға дейін жүзеге асырылады. 

Аталған демалыс аймақтарының ерекшелігі  қала ішінде экологиялық таза «Жасыл белдеу» аумағында ағаштың арасында орналасатыны. 

Рекреациялық аймақтарды жеке инвестициялық қаржының есебінен ашу оларды күту және пайдалану аясында бюджет шығындарының орнын толтыруға мүмкіндік береді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109