743

Мектеп оқушылары арасында зияткерлік сайысы өтті

Бүгін Астана қаласында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ғасырдан-ғасырға» атты қалалық зияткерлік сайыс өтті.

Бүгін Астана қаласында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Ғасырдан-ғасырға» атты қалалық зияткерлік сайыс өтті.

Тарихын білмеген бала ұлттық құндылықты да білмейтіні рас. Астана қаласы Білім беру басқармасының  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  орталығының директоры Майра Құрманбаеваның айтуынша,  жыл сайын ақпан айында өтетін интеллектуалдық сайыс биыл да дәстүрінен жаңылмай жоспарлы түрде өткізіліп отыр. Мақсаты өскелең  ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, салт-дәстүрімізді сақтауға, ана тілінде еркін сөйлеуге баулу көрінеді. Сайыстың іріктеу кезеңінде қаладағы жалпы 70 мектептің 61-і бақ сынаған. Солардың  арасында ең үздік өнер көрсеткен 12 команда іріктеп алынды. 

Сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде - №64 мектеп-лицейдің еншісіне тиді.

І орынды №17 мектеп-гимназиясы, II орынды №61 орта мектебі, №69 мектеп-гимназиясы және №70 мектеп-лицейі иеленсе, III орын №27  мектеп-лицейіне, №38 мектеп-лицейіне, №60 мектеп-лицейіне және Балалар үйіне бұйырды.

№6 гимназия – «Тылсым өнердің тынысын ашқан өрен», №62 мектеп-лицейі – «Көркем сөзбен оятқан көңіл көзін», №54 мектеп-лицейі – «Көрермен көңілінен шыққан» аталымдар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өз кейіпкерін үздік сомдап, жүлделі орын алған дарынды жастар Зерендідегі оқыту лагеріне жіберіледі. Бұл лагерде еліміздің олимпиада резервіне балалар дайындалады. Бүгінгі сайысқа қатысып отырған оқушылар  да олимпиада резервінде тәрбиеленушілерден бір  кем түспейді екен. Сондықтан, оларға  шығармашылықтарын шыңдау мақсатында  аталған мекемеге  тегін  жолдама беріп отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109