1276

Астаналық мектеп «Еуропалық сапа» марапатына ие болды

Елорданың №60 мектеп-лицейі «Еуропалық сапа» марапатына ие болды.

Елорданың №60 мектеп-лицейі «Еуропалық сапа» марапатына ие болды. Марапаттау туралы шешім Еуропа бизнес Ассамблеясының "Сократ комитетінің" (ЕБА, Europe Business Assembly, Oxford, UK) аталған білім ордасын үздіктердің қатарына қосу туралы ұсынысынан кейін белгілі болған. Марапаттау рәсімі Лондонда Бизнес көшбасшылары саммитінде өтті.

Эльмира Суханбердиева, №60 мектеп-лицейінің директоры:

Бүкіл әлемде Еуропалық сапаның халықаралық тізбесі бар. Қазақстанда Еуропалық сапа дәрежесіне жеткен алғашқы мектеп ол біздің №60 мектеп-лицей. Мәселен, шетелдік оқушылар біздің елімізде білім алғысы келсе, бірінші кезекте Еуропалық сапа бар ма, жоқ па, соны сұрайды. Енді осы дәреженің арқасында шетелдік кез келген оқушы біздің мектепте білім ала алады.

Марапатты тапсыруда білім беру жүйесіндегі озық көрсеткіш, білім сапасының Еуропа елдеріндегі оқу орындарының мүмкіндіктерінен кем түспейтіндігі, мұғалімдер біліктілігі мен кәсіби деңгейі, мектеп бағдарламасына жаңа технологиялардың енгендігі ескерілген. Бүгінде 2000-нан астам оқушы білім алып жатқан оқу ордасының бірқатар түлектері халықаралық Олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп,  біразы шетелдерде білім алуда. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109