Жаңа жылдық Астана
Астанада Жаңа жыл мерекесінің атмосферасын қазірден-ақ байқауға болады. Алаңдар мен скверлерде жаңа жылдық шыршалар қойылған, ғимараттардың қасбеттері, шамдар мен су бұрқақтары түрлі-түсті жарықтандырумен безендірілген.
Биыл жаңа жылға дайындық 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана Опера» театрының алдындағы алаңда еліміздің бас шыршасының шамын жаққаннан басталды.
Бүгінде қалада 40 жуық әртүрлі шырша орнатылған.
Жаңа жылдық иллюминация мен инсталляции Астананың көркін келтіріп, оны мерекелік сиқырлық қалаға айналдырды. Түнгі қалада серуендеп жүріп, ерекше безендірілген ағаштарды, жарық диодты жарықтандырудың көмегімен көпірлер мен аркалардың түстерінің өзгеруін, неон шамдарды көруге болады.
Жаңа жыл мерекесіне орай елордада орнатылған мұздан жасалған мүсіндер, жарық инсталляциялары мен шағын сәулеттік пішіндер қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етпек.
Мерекелік демалыс күндері тұрғындар таза ауада демалып, коньки мен сырғанақ тебуге бара алады. Биыл қалада үш мұз айыдыны ашылды: М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының аумағында, Ақбұлақ өзенінде және «Жерұйық» паркінде. Сонымен қатар, жеті қалалық мектептің аумағында мектеп жанындағы корттарда тағы да 9 мұз айдыны жасалады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz