2233

Елордалық мүмкіндігі шектеулі спортшылар арбада отырып билеуден турнирде көш бастады

Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубының тәрбиеленушілері «AKTAU OPEN-2018» пара билерінен Республикалық кубокта жүлделі орындарға ие болды. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арбада отырып билеуден ашық турнир Ақтау қаласында «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтті.

Жарыста Қазақстанның жеті өңірінен үздік биші-спортшылар күш сынасты – Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларынан.

Елордалық 10 спортшы Кубокта ең үздік нәтижелердің бірін көрсетті. DUO STANDART CLASS 1 номинациясында жұппен билеуде Ардақ Оторбаев пен Қарлығаш Тынабекова чемпион атанды, Құрбанілі Әбуов пен Севда Алиева жұбы DUO STANDART CLASS 2 номинациясында екінші және DUO FREE STYLE CLASS 2 номинациясында үшінші орын алды. Сонымен қатар, SINGLE WOMAN CLASS 1 және WOMAN FREE STYLE CLASS 1 номинацияларында Қарлығаш Тынабекова екі алтын жүлдеге және Омар Турашев SINGLE MAN CLASS 2 және FREE STYLE MAN CLASS 2 номинацияларында үшінші орынға қол жеткізді.

Арбада отырып билеуден «AKTAU OPEN-2018» ашық турнирі рейтингті жарыс болып табылады және 2018 жылғы Әлем кубогы мен Азия чемпионатына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар спортшыларға разряд алуға және жұпппен билеуден Қазақстан Республикасының құрама командасына енуге жол ашады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109