2845

Елордалық мектеп оқушылары қатты қоқысты қалай кеңсе тауарларына айырбастайды

Өткен жылы қала мектептерінде қоқысты екіге бөліп жинау бойынша контейнерлер орнатыла бастаған. Оқушылар бұл бастамаға қолдау білдірді. Ай сайын олар 400 келіге дейін макулатура мен пластик жинауда. Осы оқу жылында сары, жасыл, көк қоқыс контейнерлері басқа да мектептерде пайда болады. Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшілері мектепке барып оқушылармен сөйлесіп қайтты. 

№ 37 мектептің әр сыныбында қоқыс жәшігінің орнына қағаз бен пластик жинауға арналған екі жәшік тұр. Қатты қоқысты екіге бөлуді оқушылар енгізген.

«Біз күн сайын өзіміз ішкен сусындардан қалған пластик қорабы, қаламдардың сырты, түрлі қажеті жоқ қағаздарды қоқысқа шығарамыз. Ал, күні бойы әрқайсымыз бір-бір қоқыстан контейнерге апарып жүрмеу үшін сыныпқа осындай жәшік орнатып қойдық. Күні бойы жиналған қатты қоқысты кезекші арнайы қойылған бактарға апарып салады», - дейді 8 сынып оқушысы Сұлу Атымтай.

Мектепте қоқысты екіге бөлу оқушылардың жақсы әдетіне айналған. Олар енді үйлерінде де қоқысты бөліп шығаруда. Олардың айтуынша, қазір қала бойынша қоқысты бөліп салуға арналған қоқыс контейнерлері орнатылуда.

Белгілі болғандай, Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен «Clean City NC» ЖШС екі тарапқа да пайдалы қызмет көрсетуде. Компания мектепте көк (қағазға арналған), сары (шыныға арналған), жасыл (пластикке арналған) қоқысқа арналған контейнерлер орнатқан.

Жаңа қоқыс контейнерлері шағын, сол себепті мектептің ішіне қойылған.

«Біз мұны оқушылардың қамы үшін ішке қойдық, салқын күндері далаға шықпасын деп. Контейнерлер кіре беріске қойылған және жанында қадағалаушы күзетші тұрады», - дейді директордың орынбасары Гүлден Әлибекова.

Қазір жоғарыда аталған компания қоқысты әкетеді де орнынакеңсе тауарларын әкеп береді.

«Кеңсе заттарын мектеп қоқыс орнына алады, ал қоқыстарды біз қайта өндеуге жібереміз. Қалам, сызғыш, дәптер аз қамтылған отбасы балаларына беріледі. Осындай екі жаққа да бірдей тиімді іс», - дейді қызмет көрсетуші компанияның бас директоры Дуслан Ахметов.

Жыл соңына дейін қатты қоқысты бөлуге арналған осындай контейнерлер қала бойынша 90 мектепке дейінгі ұйымда және 79 жалпы білім беретін мектепке қойылады. Астана қаласы білім басқармасы мен «Clean City NC» қатты қоқыстарды жинаушы компания меморандумға қол қойған.

«№ 37 мектепке кеңсе заттары керек болды. Ал басқа мектептерге мүмкін кеңсе заттары емес басқа дүниелер керек болар, сол себепті әр мектеппен жеке келісімшарт жасасамыз», - дейді Дуслан Ахметов.

Осындай қарым-қатынас екі жаққа да тиімді. Экологияға пайдасы бар және балаларды табиғатты аялауға, қоқысты екі бөлу мәдениетіне үйретеді. Олар мектепте көргенін үйлерінде де қайталайды және жақсы әдетке айналдырады.

Мәтін: Мадина Нұрбекова

Фото: Бекзат Ғали

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109