883

2015 жылы елордада 40 астам аула абаттандырылады

Астана қаласында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Ағымдағы жылы 40 астам ауланы абаттандыру көзделген. Аулаларда жаңа балаларға арналған және спорттық ойын алаңдары орнатылып, асфальт төсеу, жол жиектерін ауыстыру жұмыстары жүргізілмек.

«Алматы» ауданы әкімі аппаратының хабарлауынша, 2015 жылы ауданда 62 тұрғын үйдің 27 ауласы абаттандырылмақ, ол жерлерде 36 ойын және 11 спорттық алаң орнатылады. Сонымен қатар, жаңа қоқыс жәшіктері, сәкілер қойылады. Одан өзге, 378 көлікке арналған жаңа тұрақ орындары пайдалануға берілмек.

Еске сала кетейік, 2014 жылы ауданда 20 аула абаттандырылып, 34 балалар және 5 спорттық алаң орнатылған.

«Есіл» ауданында келесі мекен-жай бойынша аулалар абаттандырылады: Сарайшық көшесі, 34; Алматы көшесі, 13; Қорғалжын тас жолы, 6; Қабанбай батыр даңғылы, 7/1, 7/2, 7/3; Ақмешіт көшесі, 7; Қорғалжын тас жолы, 39; Нагорная көшесі, 21; Сауран көшесі, 14, 14/1.

Ал «Сарыарқа» ауданында биыл 6 аула абаттандырылады: Бөгенбай батыр даңғылы, 48, 50, Бейбітшілік көшесі, 26, 28, Жеңіс даңғылы 19, 21, Бөгенбай батыр даңғылы, 28, 30, Гете көшесі, 3, Желтоқсан көшесі, 7, Жеңіс даңғылы 24, 24/1, 26а, Желтоқсан көшесі, 23.

Аулаларда жолдар жаңартылып, спорттық жаттығу қондырғылары орнатылады. Ағаштар отырғызылып, аула аумағы көгалдандырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109