1108

Биыл Астанада 160 мың м2 астам гүл отырғызылды

Жаз маусымының басталысымен елордада қала аумағын абаттандыру мен көгалдандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Астана-Зеленстрой» АҚ хабарлауынша, биыл қала аумағында 160 мың м2 гүл отырғызылды.

Гүлзарлар бірегей ою-өрнектермен безендіріледі, түрлі гүлдердің бейнесі бедерленеді.

Күн сайын коммуналдық қызметтер гүл суару жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, «Алматы» мен «Сарыарқа» аудандарында гүл суару жұмыстарына бір күннің ішінде 180 м3 су, ал «Есіл» ауданында тиісті жұмысқа 120 м3 су пайдаланылады.

Еске сала кетейік, биыл Астана аумағында «Альпі төбешіктері» оюы салынған жаңа гүлзарлар Жастар шағын ауданында, Пушкин көшесінде, Құдайбердіұлы көшесінде, Достық көшесі және Қабанбай батыр даңғылында жасалады.

Гүлден жасалған пішіндерді Астаналық цирк алаңында, «Бәйтерек» монументінің алдында, жаңа алаңда және Отан қорғаушылар монументінің алдындағы алаңда тамашалауға болады. Сонымен бірге, Достық көшесі мен Тұран даңғылында да гүл композициялары жасалмақ.

Б. Момышұлы даңғылының бойында тірек қабырғаларға декоративті бұталар мен  көпжылдық гүлдер орнатылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109