1458

Астана қаласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және тұрғындарға жайлы демалыс пен жақсы көңіл-күй сыйлайтын бірден бір игілікті іс – қоршаған ортаны жасыл желекке айналдыру.

Осы мақсатта елорданың үш ауданында жасалып жатқан шаралар аз емес. Мысалы, бекітілген кестеге сәйкес «Алматы» ауданында Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған шағын бақта, Абылай хан даңғылы мен Ғ. Мүсірепов көшесі бойында, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті алаңына және «Мюзикол» мейрамханасының алдына, сонымен қатар, Р. Қошқарбаев даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесі бойларындағы арнайы бөлінген жолайрықтарға, Тәуелсіздік даңғылы мен Кравцов, Қажымұқан, Ж. Тәшенов көшелері бойындағы арнайы гүлзарларға жаз мезгілінің көркін кіргізер алқызыл гүлдер отырғызылды.

Бүгінде отырғызылған гүлдестелердің жалпы аумағы 63 897 шаршы метрді құрап отыр.

Сонымен қатар, Әзірет Сұлтан мешітінің аумағын көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде аталған аймақта 84 ағаш, оның ішінде қарағай, шырша, бозарша, қайың секілді ағаш түрлері мен арша талының 312 көшеті егілді.

Қазіргі таңда, «Астана-Қарағанды» тас жолының бойындағы жолайрықтарға 472 түп қарағаш көшеті мен 236 дана жылу ұстағыш құмыраға отырғызылған қарағаш көшеттерін орнату жұмыстары жоспарланған.

Аталған жұмыстар үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін аяқталмақ.

Сонымен бірге, жаз айларында екпешөптерді, арамшөптер мен қурай өсінділерін шабу және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады.

«Сарыарқа» ауданында жалпы ауданы 19 мың м2 құрайтын аумаққа, «Есіл» ауданында жалпы ауданы 86 мың м2 құрайтын аумаққа гүлдер отырғызылды.

Күн сайын гүлзарлар мен жасыл алқаптарды суару жұмыстары да жүргізіледі. Жалпы, қала бойынша гүлдерді суару жұмыстарына тәулігіне 500 м3 су пайдаланылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109