860

Астанада тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Елордалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жыл сайын қала ішілік аудандарды көгалдандыру мен абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының хабарлауынша, ағымдағы жылы 27 тұрғын үйлердің аула ішілік аумақтарында кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 24 аулада бұл жұмыстар толығымен  аяқталып, 3 аулада ағымдағы жұмыстар аяқталу сатысында тұр. 

Жалпы, жұмыс барысында көпқабатты сектордың 62 тұрғын үйі қамтылып, оларда балаларға арналған 36 ойын және 11 спорт алаңы салынып, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 сәкі, 38 кір жаятын алаң орнатылды. Сонымен қатар, 71 металл гараж бен 5 сауда павильоны аудандардан шығарылып, орнына 378 автокөлікке арналған тұрақ салынды.

Сондай-ақ, «Есіл» ауданының 11 мекен-жайы бойынша 8 тұрғын үйдің ішкіорамдық аулаларына кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді: Сарайшық к-сі, 34;  Алматы к-сі, 13; Қорғалжын тасжолы, 6; Қабанбай батыр д-лы, 7/1, 7/2, 7/3;  Ақмешіт к-сі, 7; Қорғалжын, 39; Нагорная к-сі, 21; Сауран к-сі, 14, 14/1.

Аула ішілік аумақтарды абаттандыру әзірленген жобалар негізінде жүзеге асырылды. Сапалы, сертификатталған, қауіпсіз шағын архитектуралық пішіндер, тренажерлар орнатылды.

Асфальт, кеспе тастарды төсеу жұмыстары жүргізілді, қоршаулар орнатылды, спорттық және балалар алаңдары жасалды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында «Есіл» ауданында орналасқан төрт аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді:  Сауран к-сі, 12/1, 12/2; Керей Жанібек хандары, 9; Қабанбай батыр д-лы,  2/3, 2/4, 2/5, 2/6; «Заречный» елді-мекеніндегі спорттық алаңдар.

«Сарыарқа» ауданында келесі мекен-жайлар бойынша 14 орамішілік ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілді: Гете к-сі, 3; Бөгенбай батыр д-лы, 28,30; Бөгенбай батыр д-лы, 48,50;  Әуезов к-сі, 29;  Бейбітшілік к-сі, 26, 28;  Жеңіс д-лы, 24,24/1, 26; Желтоқсан к-сі, 19; Желтоксан к-сі, 7; Жеңіс д-лы, 19, 21.

Аталған аймақтардың ауласында 33 тренажерлары бар 3 гимнастикалық алаң, 2 жаңа спорттық алаң салынды, сондай-ақ, 1 спорттық алаңға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Бұдан бөлек, қосымша көгалдандыру жұмыстар жүргізілді, гүлзарлар, қоқыс жәшіктері және кіші архитектуралық пішіндер орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109