925

Астанада ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеуден өткен тұрғын үй тапсырылды

Бүгін Астана қаласы Жирентаев көшесі, 15/1 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйді тапсыру арқылы ТКШ жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы көрсетілді. 

Осы мекен-жай бойынша 1985 жылы салынған ғимарат ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер тізіміндегі кезекті нысан болып табылады. Аталмыш  бағдарлама үйлестірушісі «Өркен қала» ЖШС мамандандырылған ұйымы.

Каһарман Джазин, «Өркен қала» ЖШС директоры:

–  ТКШ жаңғырту бағдарламасы Астанада 2011 жылдан бері жүзеге асырылуда. Биылғы жылы жалпы сомасы 130 миллион теңгені құрайтын 12 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біз қазір жатақхана маңында тұрмыз, мұнда жалпы сомасы 38 миллион теңге көлеміндегі күрделі жұмыстар жүргізілді.  Аталған тұрғын үй күрделі жөндеу жұмыстарын талап етті, бұл үйде ыстық су болмады, ғимаратқа кіреберіс нашар жағдайда болды. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталды. Тұрғындардың көңілінен шықты. Жөндеу жұмыстары жоспарланған уақытымен үш ай көлемінде өтті.

2015 жылдың маусым айы жағдайы бойынша, қаланың көп пәтерлі тұрғын үй қоры  2209 үйді құрайды, оның ішіндегі 228 тұрғын үй апаттық жағдайда деп танылды, ал 388-і күрделі жөндеуді қажет етеді.

2015 жылы бөлінген қаражатқа «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 12 көп пәтерлі тұрғын үйдің шатырын, қасбетін, кіреберістерін, үй астындағы жайын, автоматтандырылған жылу пункттерді қоса инженерлік желілерін жөндеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. 

Бағдарламаның негізгі міндеті үйдің жылу жұмсауын төмендету және жылу энергиясы төлеміне тұтынушылардың шығынын үнемдеу болып табылады. Автоматтандырылған жылу пунктін орнату есебінен жылу жұмсауды үнемдеу орташа есеппен 30% -дан 50%-ға дейін жетеді.

Қазіргі уақытта 2016-2017 жж. арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізімі жасалуда. Күрделі жөндеуді, шатыр және инженерлік жүйелерді ауыстыруды, үй ауласын жөндеуді қажет ететін үйлер тізіміне қосылу үшін белсенді пәтер иелері қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасына хабарласуға тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109