753

Мәслихаттың кезекті сессиясында абаттандыру мәселелері талқыланды

Бүгін қалалық мәслихаттың 64-ші кезекті сессиясы өтті, оған қалалық департаменттер мен басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу аясында қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту мәселелері қаралды.

Елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов өз баяндамасында қала тұрғындарының жайлы тұруы мен демалысы үшін қала әкімшілігімен абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл 48 ауланы абаттандыру, 64 балалар ойын алаңы, 16 футбол алаңы мен 80 шағын архитектуралық пішін орнату жоспарланған. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің тапсырмасымен қала аумағындағы 12 гүлбақтың құрылысының, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы 6 жоба үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Үстіміздегі жылы Арай паркімен және Жалайыр көшесі ауданындағы гүлбақпен жалғасатын парктік учаскелердің құрылысын бастау көзделген.

Елорданы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

– Біздің міндетіміз – қаланың айналасында үлкен орман жасау. Бүгінде жасыл белдеудің ауданы 15 мың гектарға жуық. Өткен жылы қала бойынша 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, қала әкімдігінде жасыл белдеу аумағында ауданы 25 және 100 га құрайтын екі учаскеде рекреация аймағын құру қарастырылған, онда қыс және жаз мезгілдерінде демалыс ұйымдастыру үшін спорттық-сауықтыру кешендері орналасады. Үстіміздегі жылы жасыл белдеу учаскесінде Қорғалжын тас жолында Үркер тұрғын алабының жанында Қарқаралы тас жолына дейін орман алқабы арқылы ұзындығы 21 км веложол жасау көзделген, – деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, елорданы санитарлық күту мәселелері күн сайын бақыланады. Осы бағытта әлдеқайда жедел жұмыс істеу үшін барлық ескертулер жарияланатын панельді тақта жасалды.

– Қазіргі кезде қар жинауға 1200 бірлік арнайы техника, 2500 жол жұмыскері тартылып отыр. Жалпы, қыс маусымында 2,5 миллион текше метр қар шығарылды. Аудан әкімдіктері мен коммуналдық кәсіпорындар күн сайын жеке тұрғын секторында қар шығару жұмыстарын жүргізеді. Көшелер мен жолдарда көктайғақты болдырмау үшін аса тиімді жаңа материал қолданылмақ, – деді елорда әкімінің орынбасары.

Бұдан басқа, жылжымалы қар еріту станциясы іске қосылды. Енді көшелерді тазалауға жұмсалатын уақыт пен қар шығаруға тартылатын самосвалдар саны айтарлықтай қысқарады. Бұл технология қыста қала аумағын жинауға бөлінетін бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Осындай тағы да екі қондырғы сатып алу мәселесі қаралу үстінде.

Сонымен қатар, отынға жұмсалатын шығынды үнемдеу және зиянды заттардың шығарылуының экологиялылығын арттыру үшін көлік құралдарын газ отынға көшіру жұмыстары қолға алынды. 2015 жылы қалалық коммуналдық кәсіпорындардың 300 астам көлік құралы газ моторлы отынға көшірілді. Үстіміздегі жылы осындай қондырғыны орнату үшін 1060 келісім берілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды тиімді ұйымдастыру үшін қала аумағы 24 учаскеге бөлінді. Өткен жылы ведомствоға қарасты кәсіпорындар 151 жаңа контейнер алаңын орнатты, 294-ін жөндеп, 1226 бірлік контейнер сатып алды. 2015 жылы қалдықтарды көму полигонына 575 мың тонна қалдық шығарылды.

Қ. Айтмұхаметов қалдықтарды толық қайта өңдеу мақсатында жеке инвестициялар мен халықаралық қаржы институттарының қаржысын тарта отырып, қосымша технологиялар енгізу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. Мысалы, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық технологияларды кезең-кезеңмен енгізу және қоқыс өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын жасау үшін қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу аяқталып қалды, бұл одан әрі қалдықтарды толық қайта өңдеуді қамтамасыз етпек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109