1032

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында көшелерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі

Елорданың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында абаттандыру ережелерін бұзу жағдайларын анықтау, қараусыз қалған көлік құралдарын, қала аумағында орналасқан заңсыз орнатылған сауда павильондарын, контейнерлерді шығару жұмыстары қолға алынды.

– Аумақтарды санитарлық тазарту – қаланы абаттандырудағы маңызды жайт. Құрылыс және инертті материалды жинау, контейнерлер, заңсыз жарнама орнату және сауда жасау – осының барлығы көшелердің келбетін бұзады. Оңтүстік-Шығыс ауданын тәртіпке келтіру мақсатында «Алматы» ауданының әкімдігімен жұмыс тобы құрылды. Қазіргі кезде топ мүшелері тұрғын үй иелеріне, шағын және орта бизнес объектілерінің меншік иелеріне бұзушылықтарды анықтап, ескертулер жасауда. Экологиялық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері тиісті ескертулерге қарамастан, құрылыс және инертті материалдарды уақытылы шығармаған тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жаза қолданып отыр, – деді «Алматы» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы Рамиль Досмағамбетов.

Жыл басынан бері Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында заңсыз орнатылған 65 жарнама алынып тасталды, иесіз қалған 52 автомобиль, 25 мекен жай бойынша құрылыс бетон блоктар мен дөңгелектер және 29 мекен жай бойынша 30 жүк контейнері шығарылды.

Шағын ауданның тұрғындарымен әңгімелесулер жүргізіліп, көшелерде тазалық пен тәртіп сақтау қажеттілігі ескертілді. 18 сәуір – 18 мамыр аралығында өтетін экологиялық айлық аясында астаналықтарға үйдің жанына отырғызу үшін көшеттер беріледі.

Сонымен қатар, елорданың осы бөлігіндегі маңызды мәселелердің бірі жолдар болып табылады. Р. Досмағамбетовтың сөзіне қарағанда, шағын ауданда 146 көше бар, соның ішінде 32-сі асфальтталған, қалғаны жабыны қатты жолдар немесе абаттандырылмаған жолдар. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін осы аптаның басынан бастап Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп жөнделмеген 12 көшеге инертті материал төсеу жұмыстары қолға алынды. Тиісті жұмыстар 20 сәуірге дейін жалғасады. Автомобиль жолдары басқармасы кейбір көшелерде шұңқырларды жабу және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109