894

Елордалық полицейлер экологиялық рейдтер өткізіп жатыр

Қаланы тазалау және абаттандыру қалалық қызметтердің күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте түрлі ұйымдардың, мекемелер мен ШОБ өкілдерінің қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзу жағдайларын анықтауға және болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізу аса маңызды. Астана қаласының табиғат қорғау полицейлері тиісті жұмыстарды тұрақты түрде қолға алады.

Бүгін астаналық полицейлер аумақты абаттандыру ережелерін сақтамайтын кәсіпкерлерді анықтау бойынша рейд өткізді. Күн сайын бекітілген аумақтарды аралау барысында полицейлер құрылыстардың іргелес аумақтарын санитарлық ұстау мен уақытылы жинауды ұйымдастыруды бақылайды. Бүгін тексеру барысында тәртіп сақшылары кәсіпкерлердің, көлік жуу орындарының, дүкендердің, сондай-ақ құрылыс объектілерінің иелерінің іргелес аумақтарды қалай ұстайтынын бағалады.  

Астана қалалық мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне сәйкес кәсіпкерлер іргелес аумақты (периметрі 5 м) таза ұстауға міндетті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін тәртіп сақтау бойынша қолайлы жағдай жасауы керек.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері 723 тексеру жүргізіп, нәтижесінде шағын және орта бизнес объектісінің 372 өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, 9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Көлік жуу орнына іргелес аумақ лас. Жиналмайтын кездері де болады. Иесінің өзі жоқ. Оған қызметкері арқылы сағат 17.00 бөлімге келсін деп шақыру қағазын қалдырып кеттік. Мекеме иесіне қатысты әкімшілік жаза қолданылады», - дейді Астана қаласының ІІД ЖПҚ аға инспекторы Ораз Ахметов.

Айта кетейік, барлық басшылармен және азаматтармен абаттандыру ережелерін сақтау, санитарлық ұстау, нысан аумағын жинауды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлғаларға 30-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109