1214

Коммуналдық қызметтер жалпықалалық сенбілікке дайындалып жатыр

Қалалық коммуналдық қызметтер 23 сәуірге белгіленген жалпықалалық сенбілікке дайындалып жатыр. Қазіргі кезде аудандарда ағаштар мен көшеттер отырғызатын орындар әзірленіп, гүлзарларды, көшелер мен гүлбақтарды тазалау, топырақ пен құм шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланы санитарлық тазарту және жерлерді гүл отырғызуға дайындау жұмыстары қолға алынды.

Қазіргі кезде аудандарда барлық учаскелерде жұмыс істеу кестелері жасалып, жауапты тұлғалар анықталды.

- Сенбілікке дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 2200-ге жуық ірі ағаш, соның ішінде, қарағай, шырша, қайың отырғызылады. Бұдан басқа, үш ауданда 13 900 көшет егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, мойыл, шегіршін, шетен және долана. Биыл бір күнде 16 мың ағаш отырғызылады, - деді «Астана - Зеленстрой» АҚ төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Елордада Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылады, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінеді. 

Айта кетейік, биыл қаланы жинау мен көгалдандыру жұмыстарында шағын механикаландырылған машиналар пайдаланылатын болады. Оның басты басымдықтарының бірі ықшамдылық пен салмағының жеңіл болуы, бұл кеспе тастар мен жолдың жиектерін байқап тазалауға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, биыл бір жылдық гүлдер аз отырғызылады. Олардың орнына елордада көп жылдық гүлдер, соның ішінде раушангүлдер мен қызғалдақтар егіледі. 

Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрді құрайтын жерге 25 мың бірлік француз раушангүлі отырғызылмақ. 2016 жылы жалпы ауданы 162 288 шаршы метрлік жерге гүл өсіріледі.

Қала әкімдігі тұрғындарды елорданы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосып, алдағы сенбілікке қатысуға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109