1440

Астанада инфрақұрылым нысандарын халықтың аз мобильді тобына сай құжаттау және бейімдеу жұмыстары белсенді жүргізілуде

Астана қаласының инфрақұрылым нысандарын мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша әкімдік прокуратурамен бірлесіп Жол картасын құрды.

Жол картасын жүзеге асыру аясында қаланың барлық жауапты басқарламалар нысандарды құжаттау және бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, салаға жауапты қала әкімінің орынбасарының төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстары өтіп тұрады. Аудан әкімдіктері жанында күн сайын мүгедек адамдарға нысандардың ыңғайлылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіледі.

Қала әкімінің орынбасары Лукин Андрей Ивановичтің тапсырмасы бойынша, барлық аудан әкімдерінің аппараттары кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып, Астанада мүгедектерге қолжетімді қоршаған орта қалыптастыру қажеттелігі түсіндіріледі. Бүгінгі кездесуге халықтың аз мобильді топтары үшін нысандарды құжаттау және бейімдеуді қажет ететін «Сарыарқа» ауданының кәсіпкерлері қатысты. 2017 жылдың жаз айларында бизнес өкілдері тірек-қимыл аппараттары бұзылған, көзі нашар көретін, құлағының мүкісі бар адамдарға ғимараттардың ыңғайлы, қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек,- деп хабарлады жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина.

Астанада 20 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады, оның 5000 балалар. Жыл басынан бері қалада 104 нысан құжатталған, оның ішінде «Алматы» - 28, «Сарыарқа» - 56, «Есіл» - 20. Жергілікті атқарушы билік, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірге, қызығушылық танытқан барлық мемлекеттік органдар осы жылы қала бойынша 70 пайыз қолжетімді етулері керек. (799 нысан). Құжаттау және бейімдеу мәліметтері қолжетімділік интерактивті тақтасына енгізіледі. Бұл күні 425 нысан картаға енгізілген.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Коимтетімен тексерістер жүргізіліп, заңбұзушылықтар анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартуда. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде анықталған кемшіліктерді түзетуге нұсқама берілген.

Мүгедектерге нысанда қажетті жағдай жасамағандарға әкімшілік жаза қолданылады: лауазымды тұлғаға 50 АЕК (111 450 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектісіне 120 АЕК (272 280 теңге) орта кәсіпкерлік субъектісіне 200 АЕК (453 800), ірі кәсіпкерлік субъектісіне 400 АЕК (907 600 теңге) айыппұл салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109