1662

Астанада жыл басынан бері 18 мың көшет отырғызылды

Жыл аяғына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

– Жыл басынан бері кәсіпорын жұмыскерлері 18 мыңға жуық көшет отырғызды. Жыл соңына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 16 гектар аумаққа гүл егілді, – деді «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ басқармасы төрағасының өндірістік мәселелері бойынша орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Жыл сайын тәлімбақтарда сәндік тал-шыбықтардың 600-ге жуық түрі: кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, татар үйеңкілері, терек және жөке ағаштары өсірілуде. 

Жаз мезгілінің басында қалада француз сұрпының раушан көшеттері пайда болады. Елорда гүлзарлары 8 млн бір жылғы гүлдермен көмкеріледі.  

– Өткен жылдары Елордамыз гүлден жасалған түрлі сәндік кескіндемелер арқылы гүл қалаға айналды. Ал биылғы көгалдандыру жұмыстары «Торсық», «Қобыз», «Мың бұралған арулар», «Куб» сынды пішіндер арқылы ерекшелінуде, - деді Б.Бектемісова.

Айта кетейік, көгалдандыру жұмыстары Елорда құрылысының бас жоспарына сай және 2007-2030 жылдарға арналған қаланы көгалдандыру тұжырымдамасын есепке ала отырып жүргізілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109