1688

Астанада «болашақтың орындықтарына» ұзын-сонар кезек пайда болуда

Тұрғындар қала басшылығы мен бизнес өкілдерінің сыйлығын жоғары бағалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астананың бұрынғы орталығы «Астана концерт залының маңында (бұрынғы Конгресс холл) арнайы орындықтар пайда болды. Солар арқылы мобильді телефондарды қуаттап алуға болады. Жанында күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін және гаджеттерге қуат беретін Street charge бағанасы орнатылған.
Бұл туралы қайта қалыпқа келетін энергия көздері жобасының жетекшісі Рустам Қадыров елорда әкімдігінің медиа орталығына хабарлады. Жаңашылдықтар қаладағы коммуналдық қызмет пен кәсіпкерлердің әріптестігі арқасында пайда болды.

- Кез келген уақытта мұнда телефоныңызды қуаттай аласыз. Арнайы қондырғы арқылы тегін Wi-Fi таратылады. Орындықтар 1,5 ай бұрын орнатылған. Алайда тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Тіпті мұнда ұзын-сонар кезек болады, - дейді Р.Қадыров.

Шыны орындықтар күннен қуат алатын батареялар арқылы жұмыс істейді. Әр орындық бір USB-портпен жабдықталған. Қажет болған жағдайда адамдар тек көкте күн күлімдеп тұрған кезде ғана емес, жауын-шашын болғанда немесе түнде де қажетіне жарата алады. Тіпті - 30 градуста да жұмыс істей береді, деп уәде етеді мамандар. Гаджетті қуаттау үшін өзіңізбен бірге сым алып жүрудің қажеті жоқ. Орындықта сымсыз қуат беретін орындар бар.

- Орындықтар күн панельдерінен бөлек, арнайы шынымен қапталған. Ол сырылмайды. Оны оңайлықпен сындыра да алмайсыз, - деп нақтылайды Қадыров.

Әзірге Астанада мұндай 4 орындық орнатылған. Жоба жетекшісінің сөзінше, алдағы уақытта Қазақстанда олардың саны көбеюуі бек мүмкін екен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109