1142

Елорда саябақтары «ақылды» шамдармен жарықтандырылды

Мұндай ноу-хау электр энергиясын 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің медиа орталығы.

Елорда циркінің аумағында да энергия үнемдейтін Green Light жүйесі орнатылды.

«Олардың қуаттылығы 200 ватт, яғни, біздің кәдімгі қолданыстағы шамдардан қуаттылығы сәл ғана аз, алайда 12 вольттан бастап жұмыс істейді. Сәйкесінше мұндай шамдардың энергияны тұтыну көлемі өте аз. Бұл өз кезегінде қуат көзін едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді энергия көздерін жаңарту жобасының басшысы Рустам Қадыров.

Мұндай шамшырақтар Қазақстанда жасалған, көше шамдарының кескіні Елорда циркіне арнайы жасап, дайындалған.

 - Шамның дизайны біздің тапсырмамыз бойынша жасалды. Біздің цирк беймәлім ұшып жүрген нысан келбетінде, сол себептен шамшырақтар да осы кескінге сай футуристік үлгіде жасалды. Ішкі және сыртқы жақтары, дизайны – барлығы Қазақстанда жасалып, құрастырылды, - деді Р. Қадыров.

Жақын уақытта Green Light жүйесі бойынша Елорданың барлық саябақтары жарықтандырылмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109