1016

Қалалық мәслихатта сыртқы жарнамалардың жайы талқыланды

Қалалық мәслихат депутаттары Елорда ғимараттарында бейберекет орналастырылған жарнамалар жайын талқылады.

Отырыста сыртқы жарнамаларды орналастыру мен ПИК қызметері туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Тұрақты комиссия жұмысына басқарма басшылары, аудандық әкімдіктер мен ПИК кауымдастығының өкілдері қатысты.

Сәулет басқармасының мәліметінше, сыртқы жарнамаларды өз  бетімен ілген компанияларға 250 түсіндірме ескертпелер жіберілді, 121 нысанның иелері қателіктерді жойды. Бұдан бөлек, Астана қаласының ІІД қызметкерлері әкімшілік құқықбұзғандарға қатысты 20-дан астам хаттама толтырды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, жарнамаларды орналастыруды реттеу туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты «Жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасы Астанасының беделі» туралы Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған болатын, алайда аталған өзгерістер «Жарнама туралы» Үкімет тарапынан қолдау таппады.

Қолданыстағы нормативті құқықтық актілер ғимарат маңдайшаларына орналастыратын жарнамаларды реттей алмайды. Салдарынан олар ретсіз, қадағалаусыз жапсырылып жатыр, дейді Қожамжаров.

Заңнамаға өзгерістер енгізілген жағдайда құзырлы жергілікті атқарушы органдар ғимарат маңдайшаларын безендіру бойынша жарнамаларды орналастыру регламентін кәсіпкерлерге түсіндіріп, жарнаманын қандай стандартқа сай болуын көрсетер еді.

- Көптеген кәсіпорындар ғимараттың бірінші қабатында ғана орналаспаған. Әр кәсіпкер сыртқы қабырға -  жеке меншігі деп санайды, сол себептен жарнамаларды өз талғамдары бойынша іледі. Бұлай жалғаса берсеқаланың ажары кетіп, сұрқы қашады, - дейді Қайрат Қожамжаров.

- «Жарнама туралы» Заңда «мандайшаға жазу» деген ұғым жоқ. Біз өз тарапымыздан заң деңгейінде осы мәселені реттеу тәртібін әзірледік, алайда ол заңнама актісіне  өткен жоқ. Бізге аталған регламенттерді абаттандыру ережесінің жеке бөлігіне енгізуді, сол арқылы тәртіп бұзғандарды әкімшілк жауапкершілікке тарту ұсынылды, - дейді басқарма өкілі.

Қалалық мәслихат депутаттары басқарманың аталған регламентті қабылдануға қатысты ұсынысын қолдады. Жарнама мәселелеріне қатысты кейбір заңнама актілеріне өзгертулар мен толықтырулар енгізілуі тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109