1048

Астанада қолданбалы урбанистика бойынша семинар өтті

Астанада урбанистика орталығының бастамасымен қала тіршілігін жақсартуға және жекелеген аумақтарды зерттеп, регенерациялау мәселелері бойынша екі күндік семинар өтті. 

Семинарда Ресей қалаларын зерттеп жүрген урбанист Святослав Мурунов дәріс оқыды. Жиынға урбанистер, қала белсенділері, профессорлар, сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен тұрғындар қатысы. Бес сағатқа созылған сессия барысында көптеген жаңа мағлұматтар айтылды. Айталық, посткеңестік қалалар қандай қиындықтарға тап болуда,  постиндустриалды қалалар қайдан пайда болады, мәдени кодтардың шифрын шешу жолдары қандай сынды өзекті мәселелер талқыланды.  

- Ең жақсы қала деп сол шаһардың тіршілігіне бей-жай қарамайтын халқы бар қаланы атаймыз. Қалалық қоғамдастықтар мен креативті кластар – постиндустриалды қаланың қарапайым ғана бөлігі, аталған сұраныстардың генераторы іспетті. Сол себептен семинардың негізгі бөлігі осы мәселелерге бағытталды, - дейді урбанистика орталығы басшысының орынбасары  Асхат Садуов. 

Қала құрылысындағы әлемдік тәжірибенің негізгі бағыттарының бірі – қаланы зерттеу. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, осы тақырыпқа арналған лекция ерекше маңызға ие болды.Святослав Мурунов үш қабатты авторлық қала үлгісі жайында кеңінен әңгімелеп, қаланы зерттеу технологиясы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар дала зерттеулері үшін қалаға шығып, қоршаған ортаның картасын жасады, қоғамдық кеңістіктің әлеуеті мен аномалиясын анықтады. Тыңдаушылар назарына қалалық қоғамдастықың үлгілері, өзара байланысы мен даму құралдары ұсынылды.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109