2842

20-21 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өтеді

20-21 қыркүйекте Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастыруда.

Форумның бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналады.

Секциялық отырыстар барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленетін болады.

Кеңейтілген пленарлық отырыста күні бойы саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен талқыланатын болады.

Форумға 20-дан астам мемлекеттен 1000 делегат, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасыұсынылатын болады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109