3007

Астананың бизнес-климатын жақсарту үшін не жасалынып жатыр

Бүгін Астанада бизнес-климатты жақсарту бойынша және құрылыс секторына инвестиция тарту туралы кешенді шаралар өткізіледі. Сонымен басты макроэкономикадағы дамудың көрсеткіші - Астанада аймақтық жалпы өнім 2012 жылдан екі есе өсті және елдің ЖІӨ 10,5% құрайды. 

2014-2017 жж. аралығында астанада атқарылған жұмыстың көлемі 1,5 есеге өсті – яғни 400-ден 600 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ шетелдік компаниялармен атқарылған жұмыстың көлемі 23%-дан 49% дейін артты. 

Астанада құрылыс саласы бүгінде ішкі аймақтық өнімнің 10% құрап отыр, онда 18% жуық еңбекке қабілетті халық саны жұмыс істейді. Ол қаланың дамуындағы «локомотив» болып есептеледі. 2014-2017 жж атқарылған жұмыстың көлемі 1,5 есеге дейін ұлғайды – 400-ден 600 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ шетелдік компаниялармен атқарылған жұмыстың көлемі 23%-дан 49% дейін артты.  Құрылыс саласы қала экономикасына мультипликативті тиімділігін көрсетуде. Бір ғана құрылыстағы жұмыс орны экономиканың басқа саласында – өнеркәсіп, сауда, әлеуметтік сала, қызмет көрсету саласы және тағы басқаларда ондаған жұмыс орындарын қалыптастырады. 

Астана әкімдігі осы арада кәсіпкерлер мен инвесторларда туындайтын, әкімшілік кедергілерді оңтайландыратын, жаңа нүктелерді дамытып, анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Осы мәселелерді шешу мақсатында қала әкімдігі Жол картасына сәйкес қажетті кешенді шараларды жүзеге асыруда. Айталық, құрылыс жүргізу үшін құжат беруде қолданыстағы бизнес-процеске талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтиже бойынша процедураны қысқартып, оңайлату қарастырылады, мемлекеттік қызметті қайта инжинирингтеп және келісім процедураларын тапсыру толықтай бірыңғай ақпараттық жүйедегі электронды форматқа өтеді. Әкімшілік кедергілерді азайту арқылы келісу барысының процесін қарапайым етсе, мердігерлер шаршы метрдің құнын төмендетуге мүмкіндік алады, ақша айналымы ұлғаяды. Сондай-ақ жаңа нарыққа қатысушы мен жаңа инвестор үшін бәсеке алаңы жақсарады. 

Бизнес-ортаға қолайлы орта жасау үшін меморгандар мен Ұлттық экономика министрлігі бақылау-қадағалау функциясы ауқымды ревизия жүргізді. Қорытындысында әкімшілік кедергілер саны айтарлықтай азайып, бизнеске жүктеме азайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландырды. Атап айтқанда жеке кәсіпкер субъектісін құжаттағы мөрін талап ететін меморгандар мен қаржы ұйымдарына тыйым салынды,  экспорттау кезінде тауардың шығуы туралы сертификат беру оңайлатылды, банкрот пен оңалту процедурасы үшін факторинг құралы мен қаржы лизингі  енгізілді. Жалпы жыл соңына дейін мемлекет тарапынан бизнеске деген талап пен түрлі тектегі есептер мен ақпараттарды 30 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр. 

 «Табиғи монополия туралы» ҚР заңын қабылдап, заңға сәйкес елдегі экономика өсімін тұрақты әрі бизнесте бәсекеге қабілеттілікті жақсарту жоспарланды. 

Бұдан басқа, өтініш беруді автоматтандыру мақсатында «Монополист» базасы енгізіліп, табиғи монополиялар тарифі бекітілді. 

 (CSI) Стратегиялық бастамалар орталығының бизнес-климатты жақсартудағы ролі баға жеткізгісіз. Ол халықаралық рейтингте қазақстандық бизнестің жағдайы туралы ақпаратты ұсынады, отандық бизнесті бәсекеге қабілетін жоғарылатады. Эконмиканы тұрақты ету үшін орталықтың сарапшылары алдағы уақытта шағын және орта бизнесті көбейтуді ұсынуда. (Қазір бұл көрсеткіш Астанада 54,4%, елде – 26,8% – Авт) және де жаңа өндірісті дамытуда бизнес тарту. 

 «Астананың ққұрылыс материалдарын кең көлемде өндіруге әлеуеті бар. Туризм де қызықты. Қалада жыл сайын аз шы,ын кететін тақырыптық фестивальдер өткізуге мүмкіндік бар. Қойма құрылысының болашағы зор. ІТ-технология, қызмет көрсету кәсіпорындарын құру керек», - дейді Стратегиялық бастамалар орталығының жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Саркеев. 

Қалалық «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығы да осы ойда. Орталық мамандары экономиканың 9 секторын анықтады, құрылыс, жаңа өндіріс, сауда, спорт, креативті кластер, тағы басқа секторлар қаланы дамытуға бағытталады. 

Құрылыс саласында қымбат емес әрі сапалы баспаналарды салуды көрсеткен, яғни ыңғайлы баспана – экономкласс. Халық саны тез өсіп келеді, жылына кем дегенде 40 мың адам, бес жылдан кейін Астана қаласының халқы 1,2 млн адамға жетеді деп күтілуде. Демек, қосымша тұрғын үй қоры қажеттігі туындайды, ол 6 млн шаршы метр, сомасы 1 триллион теңгеден кем емес инвестицияны құрайды. 

«Astana Invest» экономиканың басым саласынан инвестиция тартып астананы дамытуға атсалысу, мемлекеттік-жекменшік әріптестік принципі мен инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасымен инвестиция тарту бойынша жетекші агенттіктердің тәжірибесі негізінде өңірлік институтты дамыту. 

Өз тарапынан бизнес өкілдері өндіруге әкелетін шикізаттың кеденде баж салығы жоғары екенін айтуда. Соның салдарынан отандық өнім қымбат бола түседі (мысалы сабын өндіретін пальма майы), инновациялық грантты ұсынудың ұзақ процедурасы, есеп беруде талаптың күрделілігін айтуда. 

Сонымен қатар, қосымша кепілдеме ұсыну бойынша қаржы институттарының талабын орындау, шетелде бизнес өкіліне көмек беретін консулдық сауда атташесінің жоқтығы қиындық тудыруда (мысалы Түркия). 

Кәсіпкерлер шетелде жұмыс істейтін отандық бизнес өкілдерін қолдау мен бизнесіне көмектесу үшін халықаралық қор ашудың қажеттігін айтты. 

Кәсіпкерлер айтқан барлық мәселемен арнайы топ жұмыс жасауда, соған қарап Үкімет жанындағы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесте шешім шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109